Басты бет » Хабарландыру » Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін Шымкент қаласының тұрғындарына тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Желтоқсан 30, 2020

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін Шымкент қаласының тұрғындарына тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/674-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда №150 болып тіркелді

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді (бұдан әрі – ЖТМҚ) алу үшін Шымкент қаласының тұрғындарына тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

2. «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) ЖТМҚ комиссиясының шешімі ЖТМҚ-ны стационарлық, стационарды алмастыратын және консультациялық-диагностикалық көмек нысанында алу үшін негіз болып табылады.

3. Жол жүру құнын төлеуді Денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған мынадай құжаттар негізінде емдеу орнынан шығарылған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей жүзеге асыру:

1) ЖСН, тұрғылықты мекенжайы және ақша қаражатын аудару үшін банктің деректемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

2)    жеке куәліктің және (немесе) туу туралы куәліктің көшірмесі;

3)    емделуге жолдаманың көшірмесі;

4)    науқасты алып жүру қажеттілігі туралы медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі – ДКК);

5)    стационарлық науқастың медициналық картасы үзіндісінің көшірмесі;

6)    науқастың және (немесе) оны алып жүретін адамның атына ресімделген жол жүру фактісін растайтын жол жүру билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қарай жол жүру құнын растайтын анықтамалар.

4. Науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның жол жүру ақысын (тек науқасты ертіп барғанда) екі жаққа жүруіне әуе, темір жол көлігінде жүрдек поездың купе вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, ал тас және қара жолдар бойынша – осы жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша төлеу жүргізілсін.

5. ДКК қорытындысының рұқсаты болған кезде науқасқа және оны алып жүретін адамға (науқас бір адамнан аспайтын болса ғана) екі жаққа да мынадай диагноздармен экономикалық класс тарифі бойынша әуе көлігімен келесі диагноздармен:

1)    бүйректің созылмалы ауруы 5-кезең (терминалдық кезең) перитонеалдық диализ бағдарламасын қайта қарау бойынша мамандандырылған көмек үшін жалғасатын амбулаториялық-перинаталдық диализ;

2)    мамандандырылған медициналық көмек пен диагностика үшін III-IV сатысы бар асқазан-ішек жолының, жүйке жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының қатерлі ісіктері жол шығындары өтеледі.

6. Денсаулық сақтау басқармасы емделуге жол жүру құнын төлеуді науқастардың және (немесе) олармен бірге жүретін адамдардың банктік карт-шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

7. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/390-6с «Шымкент қаласының тұрғындарына елді мекеннен тыс жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

8. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

9.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы   Е. Дарменов
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы   Г. Ташкараев

 

жүктеу
ПИ-62195-template_kz