Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы
Желтоқсан 13, 2021

Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы

 

2021 жылғы 13 желтоқсандағы                                 №12/99-VII шешімі

 

 

 

 

Шымкент қаласының жер

комиссиясы туралы ережені

және комиссия құрамын

бекіту және Шымкент қаласы

мәслихатының кейбір

шешімдерінің күші жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ереже осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Шымкент қаласының жер комиссиясының құрамы осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешімге 3-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
  4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                            Б. Нарымбетов

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII шешіміне

1-қосымша

 

Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Шымкент қаласының жер комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Шымкент қаласының аумағында өз құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

 

2-тарау. Комиссияның функциялары мен құқықтары

 

  1. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
  2. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.

 

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
  2. 7. Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
  3. Комиссия төрағасы Шымкент қаласы әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
  4. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережемен Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  5. Комиссия төрағасы:

1) отырысты шақырады;

2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;

4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.

  1. 11. Комиссия мүшелері:

1) ұсынылған материалдармен танысады;

2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;

3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.

  1. 12. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;

2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;

4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  1. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.

  1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
  2. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
  3. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысу саны қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құруы тиіс. Комиссия мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
  4. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер оған Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
  5. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Комиссия отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды Жұмыс органы жүзеге асырады.
  6. Комиссияның қорытындысы Жұқмыс органы Комиссияға сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесiн алдын ала таңдауды беру (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, жер учаскесi объектiлер салу үшiн сұралған кезде) мүмкiндiгi туралы ұсынысты берген кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде хаттамалық шешiм нысанында үш данада жасалады.
  7. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы жерге орналастыру жобасын дайындауы үшін өтініш берушіге бір жұмыс күні ішінде беріледі.

 

4-тарау. Қорытынды ережелер

 

  1. Комиссияның хаттамалық шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.

  1. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету Шымкент қаласы әкімі аппаратына жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII шешіміне

2-қосымша

 

Шымкент қаласының жер комиссиясының құрамы

 

1. Айманбетов Мәулен

Зарлықұлы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының жер комиссиясының төрағасы (әрі қарай – Комиссия);

 

Комиссия мүшелері

 

2.

 

 

Архабаев Нұрлан Төлепбергенұлы

 

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы;

 

3 Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты (келісім бойынша);

 

4 Мекамбаев Талғат Тойлыбайұлы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары;

 

5. Адамбекова Сабира

Құршидқызы

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының  құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары (келісім бойынша);

 

6. Какенов Медет Асанұлы Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;

 

7. Қуанышбаев Болат Есбергенұлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қаласы бойынша филиалының жер кадастр басқармасының басшысы (келісім бойынша);

 

8 Әзімбаев Асқар Кебешұлы Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі (келісім бойынша);

 

9. Әшіркулов Балтабек Кирбасұлы Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі (келісім бойынша);

 

10 Жандосова

Баян  Айтбековна

«Қазақстан әйелдері республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы (келісімі бойынша);

 

11. Ахметов Сәкен Сәрсенбайұлы

 

«Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

12. Жидебаев Сәкен

Мұхтарұлы

«Қазақстан Жер Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі президентінің орынбасары (келісімі бойынша);

 

13 Әлібеков Жанзақ Ақбергенұлы Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);

 

14. Қалдыбеков Бақберген Эрпулатұлы Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының су ресурстары мониторингі, мемлекеттік есеп және кадастр бөлімінің басшысы (келісім бойынша);

 

15. Қозыбаев Ермахан Тастанбекұлы Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша);

 

16. Уразымбетов Нұрдәулет Нарзуллаұлы Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы (келісімі бойынша);

 

17. Ертуов Қарсыбек Татенұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары (келісімі бойынша).

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII шешіміне

1-қосымша

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

  1. «Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/340-6с шешімі.
  2. «Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы «Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» №42/340-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №51/427-6с шешімі.
  3. «Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/340-6с «Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 28 қазандағы №57/487-6с шешімі.
  4. «Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 28 қазандағы №57/487-6с» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/509-6с шешімі.
  5. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы №71/645-6с шешімі.
  6. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы №71/645-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 маусымдағы №7/57-VII шешімі.

 

 

Разработка сайтов