Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Наурыз 29, 2019

Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 28 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласы

мәслихаты сессиясының

төрағасы                                                                                  М.Битеміров

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                     Ғ.Ташқараев

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/386-6с шешімімен бекітілді

 

Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібін реттейді.
  2. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы):

Шымкент қаласы алдындағы сіңірген еңбегін танудың белгісі ретінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, қала көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметте, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда нақты нәтижелерге қол жеткізген және қоғамның құрметіне ие болған азаматтар наградталады.

Шымкент қаласына еңбегі сіңген шетел азаматтарын наградтауға жол беріледі.

  1. Құрмет грамотасымен осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Шымкент қаласының азаматтары марапатталады.
  2. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсынысты Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары; еңбек және шығармашылық ұжымдар; қоғамдық және діни бірлестіктер; саяси партиялар; заңды тұлғалар немесе бастамашыл топтар бастама жасай алады.
  3. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.

2-тарау. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

  1. Aзаматты және шетел азаматын Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтініш хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, айын, жылын, білімі туралы, жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және өтініш жасалған күндегі атқаратын лауазымын толық көрсете отырып, жұмыс орны туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы мәліметтерді, осы Ереженің 2 тармағына сәйкес бұрыннан бар наградаларымен құрметті атақтары туралы мәліметті көрсету арқылы Шымкент қаласының әкімдігіне жолданады.
  2. Осы Ереженің 6 тармағында аталған құжаттар наградтау күнінен кем дегенде бес күн бұрын Шымкент қаласының әкімдігіне қарау және келісу үшін ұсынылады.
  3. Aталған деректерді уақытында немесе толық ұсынбау өтініш хатты қанағаттандырмай қалдыру үшін негіз болып табылады.
  4. Қайтадан наградтау алдыңғы наградтау күнінен бастап 5 жыл өткеннен кейін жүргізіледі.
  5. Қала әкімі Құрмет грамотасымен наградтау туралы мәселені Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының қарауына ұсынады.
  6. Құрмет грамотасын беру туралы шешімді Шымкент қаласының мәслихаты қабылдайды.

Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды алдын ала қала мәслихатының тұрақты комиссиялары қарайды.

  1. Құрмет грамотасын беру мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу мен есепке алуды, қалалық бюджеттің есебінен қала әкімі аппараты жүзеге асырады.
  2. Құрмет грамотасына қала әкімі мен мәслихат хатшысы қол қояды.
  3. Құрмет грамотасын қала әкімі мен мәслихат хатшысы салтанатты жағдайда наградталады.
  4. Құрмет грамотасы наградталған тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, қала әкімінің ұсынымы негізінде, мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айрылады.
  5. Осы Қағиданың 15 тармағында көзделген негіздер бойынша Құрмет грамотасынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.
  6. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» Кодексінің 37-бабына сәйкес, сот шешімі бойынша толық ақталған азаматтарға Құрмет грамотасы әкімнің ұсынысы негізінде мәслихаттың шешімімен қалпына келтіріледі.