Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Маусым 27, 2019

Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы

 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.. Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2..«Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1).осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2). осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына жіберуді;

3).осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4).ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                            Д.Үсенов

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                         Ғ.Ташқараев

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2019 жылғы 16 шілдедегі

№52/442-6с шешімімен бекітілген

Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі

балаларды үйде оқытуға жұмсалған

шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшері

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
  2. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – Уәкілетті орган).

2-тарау. Өндіріп алу тәртібі

  1. Жұмсалған шығындарды алу үшін мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі немесе www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталына «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің               2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (әрі қарай – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады:

1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

4) психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы;

5) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

6) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

7) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасы.

Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрлерінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқасы қызмет ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдеріне  қайтарылады.

  1. Уәкілетті орган мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде, шығындарды өтеу немесе Стандарттың 10-1 тармағына сәйкес, шығындарды өтеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
  2. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толықтай мемлекеттік қамтамасыз етілетін мүгедек балалар және ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілдеріне отбасы кірісіне қарамастан беріледі.
  3. Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап «Шымкент қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады.

Төлем өтініш білдірген айдан бастап жүргізіледі және мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі бала он сегіз жасқа толған, мүгедектігі алынған, тұрақты мекен жайы ауысқан, қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.

  1. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды алушы үйде оқытуға жұмсалған шығындарды төлеуді тоқтатуға негіз болатын Қағиданың 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды күнтізбелік он күн мерзім ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

3-тарау. Шығындарды өтеу мөлшері

  1. Шығындарды өтеу оқу жылы ішінде ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
  2. Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.