Басты бет » Хабарландыру » «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қантардағы №60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қыркүйек 30, 2020

«Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қантардағы №60/521-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/630-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №130 болып тіркелді

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қантардағы №60/521-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №85 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 13 ақпанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының аумағында абаттандыру қағидаларында:

59-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Қала аумағынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған арналарды, құбырларды және дренаждарды профилактикалық тексеру, тазалау, нөсерлі кәріз, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың коллекторларын тазалау жұмыстары сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарымен айына бір реттен кем емес жүргізіледі.»;

83-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«83. Жеке тұрғын үйдің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинау үшін контейнерлерді иеленуге құқылы.».

2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы   Т. Султанова
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы   Г. Ташкараев