Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Шілде 17, 2019

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 52/444-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 тамызда № 56 болып тіркелді

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының                      14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалына жіберуді;
  • осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
  • ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласы

мәслихаты сессиясының төрағасы                                          Д. Үсенов

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                         Ғ. Ташқараев

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының

2019 жылғы 17 шілдедегі

№52/444-6с шешімімен бекітілген

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

 

 

1-тарау. Тұрғын үй сертификатының мөлшері

 

  1. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
  2. «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 (жиырма бес) миллион теңгені құрайды, тұрғын үй сертификатының сомасы алатын тұрғын жай құнының 5 пайызы, бірақ 1 (бір) миллионнан артық емес.
  3. «2-10-20» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 15 (он бес)миллион теңгені құрайды, тұрғын үй сертификатының сомасы алатын тұрғын жай құнының 10 пайызы,бірақ 1 (бір) миллионнан артық емес.

2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты

 

  1. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатына жататындар:
  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының                    1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
  • Шымкент қаласында тұрақты тұратын (кемінде үш жыл) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, полиция және мемлекеттік қызметшілер.