«Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі №52/444-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/631-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №129 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі №52/444-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №56 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/631-6с шешіміне қосымша Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі №52/444-6с шешімімен бекітілген |
Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1-тарау. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалады.
2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатына жататындар:
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелген халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
2) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілері.