Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Маусым 25, 2020

Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. Шымкент қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  4. «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы №58/450-5с шешімінің күшін жою туралы» (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 23 желтоқсанда жарияланған) Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/508-6с шешімі және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы және «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/450-5с шешімінің күшін жою туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/508-6с шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 97 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 11 сәуірде жарияланған) Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі №63/555-6с шешiмдерінің күші жойылсын.
  5. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы   Т. Султанова
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы   Г. Ташкараев

 

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы

№67/598-6с шешіміне 1 қосымша

Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

 

1) «Наурыз» алаңы – Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, сыйымдылығы: 500-600 адам;

2) «Даңқ» мемориалының алды – Абай ауданы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, 3 «Г», сыйымдылығы: 200-250 адам;

3) Асар шағын ауданындағы орталық алаң – Қаратау ауданы, №2 және №6 көшелерінің қиылысы, сыйымдылығы: 200-300 адам;

4) Шымкент қаласында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты болып Мәделі Қожа көшесі (А.Байтұрсынов көшесі мен Қ.Қазиев көшелерінің аралығы) белгіленсін.

 

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы

№67/598-6с шешіміне 2 қосымша

 

Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

 

Шымкент қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда бейбіт жиналыстар ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар хабарлама және өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген орында өткiзiледi.

Бейбіт жиналыстарды өткiзу кезiнде ұйымдастырушылар және оларға қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушыларға:

1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

2) шағынауданның (тұрғын алаптың) инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

3) Шымкент қаласы әкімдігінің келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне тыйым салынады.

 

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы

№67/598-6с шешіміне 3 қосымша

 

Шымкент қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

 

Шымкент қаласында пикеттеуді өткізуге:

1) жаппай жерлеу орындарында;

2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және 1000 метрден кем емес оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге 1000 метрден кем емес іргелес жатқан аумақтарда;

6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға 1000 метрден кем емес  іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.