Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы
Наурыз 29, 2019

Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 34 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіппен:
    • осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
    • осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы-Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
    • осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
    • ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шымкент қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                      М. Битеміров

 

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                   Ғ. Ташқараев

Шымкент қаласы

мәслихатының 2019 жылғы

29 наурыздағы №47/383-6с

шешіміне қосымша

 

Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды
аулау және жою қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес әзірленді. Қағидада қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібі айқындалады, сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына қойылатын талаптарды (ветеринариялық, санитариялық-гигиеналық, техникалық) белгілейді.
  2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
    • қаңғыбас жануарды зарарсыздандыру (пішу) – хирургиялық жолмен жануарды тұқым көбейту қабілетінен (өнімділік қабілеттілігінен) айыру.
    • қаңғыбас жануарлар – адамға қауіпті аурулармен ауыратын, топталып жүретін жабайы иттер мен мысықтар. Қаңғыбас жануарлардың қарғы, қарғы бауы, микрочиптер, таңба, бирка және иесінің байланыс нөмірі жазылған жетондар тәрізді әлдебіреуге тиесілі екенін білдіретін танымдық белгілері болмайды;
    • қараусыз қалған жануарлар – иелерін анықтау мүмкін емес иттер мен мысықтар; иесінен қашып кеткен және иесінің немесе ілесіп жүретін адамның (серуендетуші) тарапынан қараусыз жүрген жануар;
    • ұйым – жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;

2-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау тәртібі

  1. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) қаңғыбас жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды жүзеге асырады.
  2. Қанғыбас иттер мен мысықтарды аулау, жергілікті атқарушы органымен келісіліп Ұйым басшысымен бекітілген кестесі бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері арқылы жүзеге асырылады. Өтініштер журналда тіркеліп, мыналар көрсетіледі:

1) аулау себебі;

2) өтініш беруші туралы мәліметтер (азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, өкілдің толық атауы, мекен-жайы, байланыс телефоны);

3) жануардың түрі;

4) жануардың мекендеу ортасы (мекен-жайы және мекен-жайының толық сипаттамасы);

5) жануардың сипаттамасы;

6) аулаудың себебі туралы ақпарат (қауып алу, қозғалмай агрессия)

  1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін (вакцинация) алған, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын адамдарға рұқсат етіледі.
  2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау үшін рұқсат етілген құралдар қолданылады.

Рұқсат етілген аулау құралдарына:

тиісті сертификаты бар, әрекетке қабілетсіз ететін, дозаланған препараттарды қолданатын пневматикалық қару;

торлар;

тор-қақпандар;

сондай-ақ жануарларды өлтірмейтін басқа да құралдар және құрылғылар жатады.

  1. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда) байлауда қалдырылған және чипі бар жануарлардан басқа, ілесіп жүретін адамның қарауынсыз жүрген, қаңғыбас және қараусыз жануарлар ауланады.
  2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қызметін іске асыру кезінде Ұйым мамандарының куәліктері болуы тиіс, олар азаматтардың талабы бойынша көрсетіледі.
  3. Ауланған қаңғыбас жануарлар, жануарларды иесіне бергенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталатын оқшаулағышқа жеткізіліп, онда 10 күн ұсталады.
  4. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды жеткізу үшін арнайы көлік құралдары қолданылады.
  5. Ауланған қаңғыбас жануарлар тасымалдауға арналған арнайы автокөлік аулау кезінде зардап шеккендерге шұғыл жәрдем көрсету үшін мал дәрігерлік құралдар жиынтығымен толықтырылады, табиғи желдетуімен жабдықталады.

Сондай-ақ, тасымалдау техникалық ақаусыз, арнайы металл торлармен жабдықталған, Ұйымның белгісі мен телефон нөмірі бар автокөлікпен жүргізіледі.

  1. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды жануарлардың өлексесімен бірге тасымалдауға жол берілмейді.
  2. Ауланған қаңғыбас жануарларды тасымалдау ит немесе мысыққа олардың денсаулығына жарақат немесе басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.
  3. Ұйым әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні орналастырылады және ұйымның байланыс деректері, ауланған жануар туралы ақпарат (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануардың фотосуреті болады. Ақпарат сайтта 10 күн сақталады.
  4. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы автокөліктің шанағына, сондай-ақ барлық құралдар мен металл торларға санитариялық тазалау және зарарсыздандыру жүргізіледі.
  5. Ауланған қаңғыбас жануарлар уақытша ұстау оқшаулағышына орналастырылады.
  6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тіркеу, ұстау, тамақтандыру, тексеру, жою шараларын, сондай-ақ уақытша оқшаулағышты қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етуді ұйым жүзеге асырады.
  7. Уақытша ұстау оқшаулағышында ауланған қаңғыбас жануарларға клиникалық зерттеу және тіркеу жүргізіледі.
  8. Уақытша ұстау оқшаулағышы металл торлармен және иттерге арналған үйшікпен жабдықталады.
  9. Ауланған қаңғыбас жануарларға қажетті күтім жасалады және тамақтандырылады, торларды күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жүргізіледі.
  10. Жануарды орналастыру, иесін іздеу, сондай-ақ жайғастыру мақсатында фотоға түсіру үшін уақытша ұстау оқшаулағышына еріктілер мен азаматтарға ашық және кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
  11. Дені сау қаңғыбас жануарлар тиісті клиникалық жағдайда зарарсыздандыруға және піштіруге жатады.

3-тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою тәртібі

  1. Ұйымға және қаңғыбас жануарларды қайтару жөнінде өтініш берген кезде иелері:
    • жеке куәлігі;
    • жануарларының ветеринариялық паспортын және (немесе) иесімен түскен фотосуретін ұсынады.
  2. Ауланғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін, талап етілмеген емделмейтін ауруға шалдыққан қаңғыбас жануарлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, медикаментоздық ізгілікті жолмен жансыздандырылуға жатады.
  3. Иттер мен мысықтардың өлігін жою биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуға (өртеуге) арналған (инсенератор, крематор, өлекселерді өртейтін пеш және осы мақсат үшін қарастырылған басқа да қондырғылар) қондырғыларда жүзеге асырылады.
  4. Қаңғыбас жануарлардың өлекселері (қалдықтары) Ұйымға жою үшін берілуі тиіс.