«Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/633-6с шешімі. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қазанда №136 болып тіркелді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/383-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларында:
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмеді;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтініш беруші туралы мәліметтер (азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, өкілдің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), мекен-жайы, байланыс телефоны);»;
7-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:
«7. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, гүлзарларда) байлауда қалдырылған және чипі бар жануарлардан басқа, ілесіп жүретін адамның қарауынсыз жүрген, қаңғыбас және қараусыз жануарлар ауланады.»;
9-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:
«9. Ауланған қаңғыбас жануарлар иесіне берілгенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталынатын оқшаулағышқа жеткізіліп, онда 3 күн ұсталады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тасымалдауға арналған арнайы автокөлік аулау кезінде зардап шеккен жануарларға шұғыл жәрдем көрсету үшін ветеринариялық құралдар жиынтығымен толықтырылады, табиғи желдетуі мен жабдықталады.
Сондай-ақ, тасымалдау техникалық ақаусыз, арнайы металл торлармен жабдықталған, Ұйымдардың белгісі мен телефон нөмірі бар автокөлікпен жүргізіледі.»;
14-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:
«14. Ұйымдар әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні және ұйымның байланыс деректері, ауланған жануар туралы ақпарат (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануарлардың фото суретін орналастырады. Ақпарат сайтта 3 күн сақталады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Ұйымға қараусыз қалған немесе қаңғыбас жануарларды қайтару және (немесе) беру үшін жүгінген кезде иелері немесе өтініш беруші:
1) жеке куәлігі;
2) жануардың ветеринариялық паспортын және (немесе) иесі мен түскен фото суретін ұсынады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қаңғыбас жануарлардың өлекселері (қалдықтары) жою үшін Ұйымдарға беріледі.».
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |