«Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/383-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ауланған қаңғыбас жануарлар, жануарларды иесіне бергенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталған оқшаулағышқа жеткізіліп, онда 3 күн ұсталады»;
14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ұйым әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні орналастырылады және ұйымның байланыс деректері, аулаған жануар туралы ақпарт (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануарлардың фото суреті болады. Ақпарат сайтта 3 күн сақталады»;
24-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«24.Ауланғаннан кейін 3 күн өткеннен кейін, талап етілмеген емделмейтін ауруға шалдыққан қаңғыбас жануарлар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен, медикаментоздық ізгілікті жолмен жансыздандырылуға жатады».
- «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
- ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.