Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/505-6с шешiмi
Желтоқсан 11, 2019

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/505-6с шешiмi

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/508-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда №78 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шымкент қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қаласының мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы №58/450-5с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3669 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы Б. Тулегенов
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/508-6с шешіміне қосымша

 

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі

 

 1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының (одан әрі – Заң10-бабына сәйкес әзірленіп, Шымкент қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін (бұдан әрі – Тәртіп) қосымша реттейді.
  2. Митингiлер, шерулер және демонстрациялар қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсiну керек.

 

2-тарау. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

 

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш – Шымкент қаласының әкімдігіне беріледі.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.
  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
  4. Шымкент қаласының әкімдігі өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
  5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш берілген кезде осы Тәртіптің 3-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда Шымкент қаласының әкімдігі жіберілген кемшіліктерді жоюды түсіндіре отырып, ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі оның түскен сәтінен бастап есептеледі.
  6. Шымкент қаласының әкімдігі басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен орнын ұсынады.
  7. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген орында өткiзiледi.
  8. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
  9. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушыларға:
  • көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
  • шағынауданның (тұрғын алаптың) инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
  • Шымкент қаласы әкімдігінің келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
  • шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
  • жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
  • өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне тыйым салынады.
  1. Шымкент қаласының әкімдігі бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайда, ұйымдастырушылар (уәкілдер) бұл туралы жұмыстарын тоқтату туралы дереу шара қолданып, әлеуетті қатысушыларға хабарлайды.
  2. Егер, жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарымен өзге денормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Шымкент қаласының әкімдігі бұларды өткізуге тыйым салады. Барлық жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар бейбіт сипатта болуы тиіс.
  3. Темір жол, су және әуе көлігі объектілерінде, сондай-ақ қорғаныс қабілетін, мемлекеттің қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қалалық қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен және басқа да энергия тасымалдаушылармен жабдықтау) және денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
  4. Шымкент қаласында жиналыстар, митингілер өткізу орындары болып бекітілсін:

1) «Наурыз» алаңы (Бәйдібек би даңғылы, нөмірсіз);

2) «Металлургтер» саябағындағы алаңша (Абай даңғылы, нөмірсіз).

  1. Шымкент қаласында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты болып Т.Өтегенов көшесі (Т.Рысқұлов көшесі мен Ұ.Арғынбеков көшелерінің аралығы) белгіленсін.
  2. Пикет өткізу кезінде:

1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;

2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, құлақтандыруларға қышқыруға рұқсат етіледі.

  1. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерту белгіленген тәртіппен Шымкент қаласының әкімдігінен рұқсат алу талап етіледі.
  2. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Шымкент қаласы әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша мына жағдайларда тоқтатылады.

1) өтініш берілмеген болса;

2) тиым салу туралы шешім қабылданған;

  • өткізу тәртібі бұзылса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда.
  1. Шымкент қаласы әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

 3-тарау. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

 

  1. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
  2. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс.
  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзудің барлық қосымша шығындарын (қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және техникалық жарақтау және тағы басқа жөнiндегi) оларды ұйымдастырушылар өтейдi.