Желтоқсан 11, 2019
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 желтоқсанда №76 болып тіркелді
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/115-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4068 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Б. Тулегенов | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с шешімімен бекітілген |
Шымкент қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі
№ | Маршруттың нөмірі | Қатынастар |
1 | 16 | «Шаңырақ шағынауданы – Тұрсынбаев көшесі» |
2 | 23 | «Құртаев көшесі – Орман шаруашылығы» |
3 | 45 | «Достық шағынауданы – Халыққа қызмет көрсету орталығы – Теміржол вокзалы» |
4 | 55 | «Ыңтымақ шағынауданы – Ордабасы алаңы – Жоғарғы базар» |
5 | 96 | «Қазығұрт шағынауданы (Талдыкөл) – Азат шағынауданы» |
6 | 113 | «Мамандырылған база – Нұрсат 3 шағынауданы» |
7 | 133 | «Алаш базар – Оңтүстік шағынауданы» |
8 | 138 | «Шикізат базасы – Тұрлан экспедициясы (Сая жай)» |
9 | 141 | «Құрсай шағынауданы (ферма) – Кірпіш зауыты – Мирас шағынауданы» |
10 | 142 | «Текесу шағынауданы – Ордабасы алаңы» |
11 | 143 | «Бадам-2 шағынауданы – Радуга дүкені» |
12 | 144 | «Теміржол вокзалы – Айнатас шағынауданы, Елтай шағынауданы, Жыланбұзған шағынауданы» |
13 | 146 | «Жаңаталап шағынауданы, Көкбұлақ шағынауданы, Алтынтөбе шағынауданы – Ақжайық шағынауданы» |
14 | 147 | «№85 орта мектеп – Ақжар шағынауданы, Ақтас шағынауданы» |
15 | 148 | «Шапырашты шағынауданы, Өтеміс шағынауданы, Абдулабад шағынауданы – Ақбар базары» |
16 | 149 | «Қайнар бұлақ шағынауданы – Асар-2 шағынауданы – Достық-2 шағынауданы – Жеңіс саябағы» |
17 | 150 | «Достық шағынауданы, Асар шағынауданы – Теміржол вокзалы» |
18 | 158 | «Самал шағынауданы – 18 шағынауданы – Орталық емхана (айналым бойынша)» |
19 | 171 | «Бозарық шағынауданы – Тұран шағынауданы – Алаш базары – Теміржол вокзалы» |
20 | 180 | «Көк бұлақ шағынауданы, Жаңаталап шағынауданы – Кірпіш зауыты» |
21 | 182 | «Мешіт (Шайхана) – Азат шағынауданы» |