«Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/670-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда №145 болып тіркелді
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы
11 желтоқсандағы №58/506-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №76 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Е. Дарменов | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
жүктеу
ПИ-61011-template_kz