Басты бет » Хабарландыру » Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы
Желтоқсан 31, 2020

Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/675-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы

30 желтоқсанда №151 болып тіркелді

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдеу өнімдері, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылды деп танылсын.

3. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы Е. Дарменов
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/675-6с шешіміне 1-қосымша

 

Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін берілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

 

№ п/п Нозология Атауы Азаматтар санаты
1 Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы Ацетилцистеин,

таблетка 600 мг

Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
2 Пентоксифиллин,

ұзақ әсер ететін таблеткалар 400 мг

3 Будесонид,

ампуладағы ингаляцияға арналған суспензия 0,5 мг/мл 2 мл

4 Пароксизмальды түнгі гемоноглобинурия Экулизумаб, инфузияға арналған ерітіндіге арналған концентрат 10 мг/30 мл Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
5 Гиперинсулинизм Октреотид,

инъекцияға арналған ерітінді 0,1 мг/мл

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
6 Сегменттік краниальды дистония-блефароспазм Ботулиндік токсин кешені
а-гемаглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500ЕД
Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
7 Мүшелер мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейінгі жағдай Урсодезоксихол қышқылы, 250 мг/5 мл Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары
8 Эверолимус, таблетка 0,25 мг
9 Муковисцидоз Тобрамицин,

ампула 300 мг

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
10 Колистиметат, ингаляцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 80 мг 1000000ЕД
11 Урсодезоксихол қышқылы, капсула 250 мг
12 Нутриэн стандарт-диеталық емдік тамақтануға арналған теңдестірілген толыққанды қоспа
13 Диеталық емдік тамақтануға арналған гидролизденген ақуыз, сүт сарысуы негізіндегі қоспа
14 Ювенильді идеопатиялық артрит Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,8 мл Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
15 Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 200 мг /10 мл, 10 мл
16 Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 80 мг/4 мл, 4 мл
17 Созылмалы тромбоэмболиялық гипертензия Риоцигуат, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка 2,5 мг Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
18 Мантия аймағындағы жасушаларының лимфомасы Ибрутиниб, 140 мг капсула Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
19 Драве Синдромы Стирипентол, 250 мг-500 мг таблетка/капсула Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
20 Клобазам, 10 мг таблетка
21 Псориатикалық артрит Инфликсимаб, 100 мг лиофилизирленген ұнтақ көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
22 Мидағы метастаздармен өкпе аденокарциномасы Осимертиниб, 80 мг таблетка Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
23 Амиотрофиялық бүйірлік беріш Рилузол, 50 мг таблетка Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
24 Целиакия Панкреатин, құрамында ішекте еритін қабықпен қапталған минимикросфералары бар капсула, 150 мг Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
25 Нан пісіруге арналған арнайы ұн қоспасы
26 Нан пісіруге арналған глютенсіз қоспа
27 Глютенсіз пісіруге арналған әмбебап қоспасы
28 Глютенсіз макарон өнімдері
29 Глютенсіз печенье
30 Глютенсіз вафли
31 Жұлын бұлшықетінің атрофиясы Нусинерсен, интратекальді енгізуге арналған ерітінді Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
32 Дюшен/Беккер бұлшықет дистрофиясы Этеплирсен, көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітінді 500мг/10мл Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
33 Буллезді эпидермолиз Күміспен жақпа таңғыш  

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

 

 

 

 

 

 

34 Фармпрепаратсыз таңғыш
35 Ылғалды гигиеналық майлықтар
36 Стерильді таңғыш
37 Сіңіргіш стерильді таңғыш
38 Сіңіргіш таңғыш
39 Бұласыр
40 Гидротюль, гидроактивті жақпа таңғыш
41 Перу бальзамы бар жақпатаңғыш
42 Стерильді майлықтар
43 Бекіткіш серпімді таңғыш
44 Бекіткіш бинт
45 Торлы құбырлы таңғыш
46 Жұмсақ, зарарсыздандырылмаған мақта дәке
47 Хлорамфеникол негізіндегі стерильді таңғыш
48 Көмейдің стенозы Қанықпаған трахеотомиялық түтік  

 

 

 

 

 

 

 

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

49 Вакуумдық бақылаудағы аспирациялық катетер
50 Трахеостомиялық түтікке арналған майлықтар
51 Гастростомиялық түтік
52 Энтеральді қоректендіруге арналған зонд
53 Жылу-ылғал алмастырғыш
54 Дауыс клапандары
55 Саусақ пульсоксиметр
56 Амбу қапшығы
57 Трахеостомадағы штепсельдер
58 Хлоргексидин сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,05%
59 Бір рет қолданылатын шприц
60 Тиамфеникол глицинат ацетилцистеинат, инъекция және ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
61 Будесонид, ингаляцияға арналған дозаланған суспензия
62 Фенотерол және ипратропия бромиді, ингаляцияға арналған ерітінді
63 Адреналин, инъекцияға арналған ерітінді
64 Диеталық емдік тамақтануға арналған гидролизденген ақуыз, сүт сарысуы негізіндегі қоспа
65 Стерильді қолғаптар
66 Бекіткіш таспалар (трахеостома үшін) қайта пайдалануға болады
67 Трахеостоманың айналасындағы теріні емдеуге арналған дәке тампондары

 

 

 

 Шымкент қаласы

мәслихатының 2020 жылғы

15 желтоқсандағы

№72/675-6с шешіміне 2-қосымша

 

 

Шымкент қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16 болып тіркелген, 2019 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2. Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/423-6с «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 49 болып тіркелген, 2019 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

3. Шымкент қалалық мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63/554-6с «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                    № 96 болып тіркелген, 2020 жылы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Разработка сайтов