Басты бет » Хабарландыру » Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы
Наурыз 29, 2019

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы №504  қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласы мәслихаты                                             

сессиясының төрағасы                                                            М.Битеміров                                                     

Шымкент қаласы

мәслихатының хатшысы                                                         Ғ.Ташқараев

 

 

 

Шымкент қаласы маслихатының

29 наурыздағы 2019 жылғы

№47/369-6с шешіміне қосымша

 

 

Шымкент қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Шымкент қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
  2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

7) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

8) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

  1. Әлеуметтiк көмек «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша әкімшісі «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Әкімші) болып табылатын тиiстi қаржы жылына Шымкент қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
  2. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) әкімші анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

  1. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері Үлгілік қағиданың 9 –тармағына сәйкес бекітілген.

Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі (бұдан әрі – Негіздемелер тізбесі) Үлгілік қағиданың 9 –тармағына сәйкес бекітіледі.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару үшін Негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

  1. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабына сәйкес айқындалады.
  2. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына берiледi:

1) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ        І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

2) 22 Наурызда (Наурыз мейрамы) – Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан
(хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

3) 9 мамырда (Жеңіс күні) – Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

4) 31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) –мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға;

5) 1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға.

  1. 20 АЕК көлеміндегі бір реттік әлеуметтік көмек мына санаттарына берiледi:

1) 22 наурызда (Наурыз мейрамы) – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға.

  1. 60 АЕК көлеміндегі бір реттік әлеуметтік көмек 16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына.
  2. 100 АЕК көлеміндегі бір реттік әлеуметтік көмек 9 мамыр (Жеңіс күні) –  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, Венгриядағы ұрыс қимылдарына қатысқандарға.
  3. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:

1) жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК;

2) отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 100 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

  1. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек ай сайын 5 АЕК мөлшерінде төленеді. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме Туберкулезге қарсы диспансердің ай сайын өтініш пен көмектiң түрiн көрсетiп ұсынатын тізімі;
  2. 21 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек Адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына беріледі.
  3. Бір реттік әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы 2 АЕК-тен аспаған жағдайда 40 АЕК мөлшерінде жазғы кезеңде шілде және тамыз айларын қоса алғанда төленеді.
  4. Бір реттік әлеуметтік көмек тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, Венгриядағы ұрыс қимылдарына қатысқандарға өмір сапасын жақсарту мақсатында 100 АЕК мөлшерінде ұсынылады.
  5. 40 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмек шипажайлық-курорттық емделумен қамтамасыз етуге (жолдама):

1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы Алтын, Күміс, Алқа иелеріне шипажайлық-курорттық емделу тегін беріледі;

2) зейнет жасындағы зейнеткерлерге шипажайлық-курорттық емделуге жолдама құнының 50%-ын төлеумен беріледі.

  1. 1,5 АЕК мөлшерінде баспасөз басылымдарына жазылуға жартыжылдықта бір рет:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

2) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар.

  1. Ай сайын 2 АЕК мөлшерінде 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға;
  2. Ай сайын 50 АЕК мөлшерінде әлеуметтiк такси қызметiн ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүрiп тұруы қиын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелерiне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшiн.
  3. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

  1. Әкімші әлеуметтік көмек алушыдан өтініш талап етпей, осы Қағиданың 7, 8, 10 және 12 тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізбесін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметтері негізінде, «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде қалыптастырады;
  2. Осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

  1. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
  2. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде Әкімші бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
  3. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 23-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды Әкімшіге жібереді.
  4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда Әкімші әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
  5. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Әкімші тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  6. Әкімші учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
  7. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
  8. Әкімші өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағиданың 13, 14 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Әкімші шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
  2. Осы Қағиданың 9, 13, және 18-тармақтарында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) медициналық ұйымның сараптамасы;

4) екінші деңгейлі банктен есеп шоты;

5) туу туралы куәліктің көшірмесі;

6) прокуратура органдарының анықтамасы немесе сот шешімі;

7) акт екі куәмен (көршілері).

  1. Осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) денсаулық сақтау ұйымы берген шипажайлық-курорттық картаның көшірмесі.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек осы Қағиданың
    16-тармағында көрсетілген санаттары ішінен азаматтарға жеткізушілер базасында шипажайлық-курорттық емделуден өту үшін бағыттама-жолдамаларды ұсыну арқылы берiледi.
  2. Шипажайлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.
  3. Шипажайлық-курорттық емделуден өту мерзімі он күнді құрайды.
  4. Шипажайлық-курорттық емделу құқығы күнтiзбелiк жылға бір реттен артық емес ұсынылады.
  5. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
  6. Әкiмшi келiп түскен өтiнiштерге сәйкес жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес өтініштердің келіп түсуі кезегі тәртiбiмен әлеуметтік көмекті алуға азаматтардың тiзiмiн жасайды.
  7. Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама әкiмшiге қайтарылуы және кезекке сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.
  8. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, шипажайлық-курорттық емделуге құқығы мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
  9. Жолдаманы алуға келу қажеттiлiгi жөнiнде өтiнiш берушiге әкiмшiнiң екi рет поштамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша хабарласпаған жағдайда, берiлген өтiнiш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.
  10. Әкiмшiнiң бiрiншi басшысы (немесе оның орынбасары) қол қойған және мөрмен бекiтiлiп берiлген жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.
  11. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
  2. Әлеуметтік көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

  1. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
  2. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.