Дәрілік заттарды қосымша беру туралы » азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін
Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қаңтарда № 16 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шымкент қаласында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде осы шешімімен бекітілген тізіліміне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.
- Шымкент қаласының мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жіберуді;
4) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурмында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы |
М.Тоғызбаев |
Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы |
Ғ.Ташқараев |
Шымкент қаласының мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/338-6с шешімімен бекітілген |
Шымкент қаласында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі
Дәрілік заттардың атауы | Нозология | Азаматтар санаты |
Ацетилцистеин,
таблеткалар 600 мг |
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы | 18 жастан асқан ересек азаматтар |
Пентоксифиллин,
ұзақ әсерлі таблеткалар 400 мг |
18 жастан асқан ересек азаматтар | |
Будесонид,
ампуладағы ингаляцияға арналған суспензия 0,5мг/мл 2 мл |
18 жастан асқан ересек азаматтар | |
Бозентан,
таблетка 125 мг |
Өкпе гипертензиясы | Барлық санаттар |
Силденафил,
таблетка 50 мг |
Барлық санаттар | |
Октреотид,
инъекцияға арналған ерітінді 0,1мг/мл |
Гиперинсулинизм | 18 жасқа дейінгі балалар |
Ботулиндік токсин кешені А-гемаглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500 ЕД | Сегменттік кранеалдыдистония-блефароспазмы | Барлық санаттар |
Руксолитиниб,
таблетка 15 мг |
Идиопатиялықмиолофиброз | 18 жастан асқан ересек азаматтар |
Урсодезоксихол қышқылы, 250 мг/5 мл | Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейінгі жағдай | Барлық санаттар |
Экулизумаб,
инфузияға арналған ерітіндіге арналған концентрат 10мг/30 мл |
Паросизмальді түнгі гемоноглобинурия | 18 жастан асқан ересек азаматтар |
Тобрамицин,
ампула 300 мг |
Муковисцидоз | 18 жасқа дейінгі балалар |
Урсодезоксихол қышқылы, капсула 250 мг | ||
Нутриэн стандарт-диеталық емдік тамақтануға арналған теңдестірілген толық қоспасы | ||
Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған 200 мг ерігіш таблеткасы | ||
Колистиметат, ингаляцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 80 мг 1000000ЕД | ||
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,8 мл | Ювенильдіидеопатиялық артрит | 18 жасқа дейінгі балалар |
Тоцилизумабинфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мг / мл, 10 мл | ||
Тоцилизумабинфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мг/мл, 4 мл | ||
Агалзидаза бета 35 мгинфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентратты дайындауға арналған лиофилизат | Фабри ауруы | 18 жастан асқан ересек азаматтар |
Риоцигуат, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 2,0 мг | Созылмалы тромбоэмболиялық гипертензия | 18 жастан асқан ересек азаматтар |
Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді 10 мкг/мл 2мл | Бастапқы өкпе гипертензиясы | Барлық санаттар |
Пенициламин, таблетка 0,25 мг | Жүйелік склеродермия | 18 жастан асқан ересек азаматтар |
Алпростадиллиофилизат / инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мкг |