Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №125 болып тіркелді
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты осы шешімнің
1 қосымшасына сәйкес белгіленсін. - Автотұрақтарға (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
- «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерлерге арналған базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/240-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4634 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 маусымдағы №49 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы | Т. Султанова | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№69/628-6с шешіміне 1 қосымша
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттар |
1 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№69/628-6с шешіміне
2 қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемесі ұлғайту
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтардың (паркингтердің) үшін бөлінген жерлерге салықтық базалық мөлшерлемері | Базалық мөлшерлемелерін ұлғаюы |
1 | 1 санат | 19,3 | он есе |
2 | 2 санат | 19,3 | он есе |