«2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы №65/563-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда №110 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 – бабының 1 – тармағына, 111 – бабының 1 – тармағына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоксандағы №58/495-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №72 тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 357 936 678 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 125 026 497 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 2 636 006 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 610 533 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 224 663 642 мың теңге;
2) шығындар – 392 632 412 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – – 7 608 662 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 2 391 338 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 000 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 13 146 937 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерін сатып алу – 13 146 937 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 40 234 009 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 40 234 009 мың теңге.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қала әкімдігінің 2020 жылға арналған резервi 3 250 550 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 5 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
- ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Р. Бектурганов | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |