«2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласының мәслихаты шешімі
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №73/682-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда №146 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 – бабының 4 – тармағына, 111 – бабының 1, 3 – тармақтарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 1) тармақшасына және «2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №839 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоксандағы №58/495-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №72 тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 358 196 805 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 123 679 950 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 2 544 491 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 588 485 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 222 383 879 мың теңге;
2) шығындар – 394 277 225 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – – 7 608 662 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 2 391 338 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 000 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 13 258 615 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерін сатып алу – 13 258 615 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 41 730 373 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 41 730 373 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 5 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
- ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы | Г. Курманбекова | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
жүктеу