«Шымкент -2025» даму бағдарламасы

Шымкент қаласы мәслихатының

2020 жылғы 23 желтоқсандағы

№72/681-6с шешіміне қосымша

  

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫН 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 ШЫМКЕНТ – 2020 жыл

МАЗМҰНЫ

 

 

  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ… 3
  2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ.. 5
  3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ… 14

3.1        Бағыт 1: Аймақ экономикасының өсуі 14

3.2        Бағыт 2: Өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз аймақ. 21

3.3        Бағыт 3: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету. 28

4       ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР. 33

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР. 34

1.       БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

 

Атауы Шымкент қаласын 2021-2025 жылдары дамыту бағдарламасы

 

Аймақтың негізгі сипаттамалары Шымкент қаласының ауданы – 116,3 мың га (елдің ауданының 0,04%), қала халқы –1061,5 мың адам (ҚР барлық халқының 5,6% құрайды).

Қалалық маңызы бар 4 ауданы бар: Абай, Әл-Фараби, Енбекші және Қаратау.

Шымкент қаласы – еліміздегі тарихы 2000 жылдан асатын көне қалалардың бірі.

Қала Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара магистралдарымен қолайлы байланысы бар Орынбор-Ташкент халықаралық магистралі мен Түркістан-Сібір магистралінің осінде орналасқан.

Шымкент қаласының әкімшілік аймағында кірпіш шикізатының 8 кен орны бар, олардың 4-уі пайдаланылуда, бентонит сазының 1 кен орны, 5 – резервтік кен орындар орналасқан.

1932 жылдан бастап Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келді, 2018 жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің №702 жарлығы бойынша Шымкент қаласына  республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді.

Бүгінгі таңда Шымкент – Қазақстанның дамыған инфрақұрылымы бар елдің өнеркәсіп өндірісіндегі өңірдің үлес салмағы 2,0% – ды құрайды, (бұл Қазақстан өңірлері арасында 12-орын) өндірістік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Шымкент – еліміздің республикалық маңызы бар үш қалаларының бірі.

Қала Оңтүстік Қазақстанның тарихи және мәдени орталығы болып табылады, сонымен қатар, ішкі және сыртқы туризмдерді дамыту үшін жеткілікті рекреациялық және табиғи әлеуеті бар.

Шымкенттің ерекше маңызды объектілері–қаланың тарихи орталығы  мен белсенді туристік дестинацияның перспективалы орны болып табылатын Көне қалашық пен Цитадель.

Шымкент қаласының негізгі су артерияларына Бадам өзені мен  Қарасу атты тармағымен қоса Қошқарата өзені жатады. Қалада жалпы ұзындығы 91 км болатын 9 канал бар, оның ішіне Бадам, Шымкент, Янгичек, Текесу, Қошқарата және т. б. кіреді.

Шымкенттің мемлекеттік орман қоры мен жасыл аймағының жалпы ауданы 5332,7 га құрайды.

 


Бағдарламаның бағыттары мен мақсаттары 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаттық көрсеткіштер

Бағыт: Аймақ экономикасының өсуі

Мақсаттары:

Қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларын басымдықпен дамыту

АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігінің артуына қолайлы жағдайлар жасау

Туризмді дамыту – кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағыты

Бағыт: Өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз аймақ

Мақсаттары:

Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру

ТКШ инфрақұрылым нысандарын жаңғырту

Көлік инфрақұрылымының сапасын жақсарту

Аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту

Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Сыбайлас жемқорлықты азайту

Бағыт: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету

Мақсаттары:

Өңірдегі жұмыс күшінің тапшылығын азайту

Халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту

Азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қол жетімділігін арттыру

 

ЖӨӨ нақты көлем индексі – 105,8%;

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі – 105,8%;

Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар – 241,6 млрд.тенге;

Шикізаттық емес экспорт көлемі – 1018,4 млн АҚШ долл;

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі – 116,5%;

ЖӨӨ – дегі шағын және орта бизнестің үлесі – 35,0%;

Өңірге келушілерді орналастыру орындарымен қамту қызметін көрсетуді ұлғайту – 35,0%;

Бір тұрғынның тұрғын үймен қамтамасыз етілуі – 27,0 шаршы метр;

Қала халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі – 100%;

Кәріз жүйесімен қамту – 65%;

Газбен қамту – 99,5%;

Сапалы электр энергиясымен қамту – 99,5%;

Жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету – 30%;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 79,0%;

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі – 35,0%;

Жасыл белдеу алаңының жыл сайын ұлғаюы – 4272 га;

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі – 84,7%;

Көшелерде жасалған қылмыстың төмендеуі – 19,2%;

Сыбайлас жемқорлық деңгейі – 58%

Жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған  АӘК (ШАК) еңбекке қабілетті алушылардың үлесі (ШАК алушылардың жалпы санында – 62%;

Құрылған жұмыс орындарының саны (жыл сайын):

тұрақты – 14 343 бірлік;

уақытша – 9 569 бірлік;

Өлімнің стандартталған коэффициенті – 1 000 тұрғынға 5,1;

Денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базасын нығайту – 80,5%;

Апатты және үш ауысымды мектептер санын азайту

Халықтың 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі – 25,5%;

 

Қажетті ресурстар Қаржыландыру көлемі: Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 536,9 млрд. тенге бөлінуі керек, оның ішінде әр жыл сайын:

2021 жылы – 103,4 млрд. тенге;

2022 жылы – 147,5 млрд. тенге;

2023 жылы – 113,4 млрд. тенге;

2024 жылы – 87,6 млрд. тенге;

2025 жылы – 85,0 млрд. тенге.

*Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде анықталатын болады.

 

 

 

 

 

 

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Шымкент қаласы – республикадағы ірі өнеркәсіптік, сауда, туристік және көлік орталықтарының бірі.

2019 жылы қаланың жалпы өңірлік өнімі (әрі қарай –  ЖӨӨ) 2 202,9 млрд. тенге болды, өңірдің елдің жалпы ішкі өніміндегі үлес салмағы – 3,2% (2018 ж. – 2 171,1 млрд.тг. 3,5%). Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2 152,1 мың теңгені құрады (2018 ж. – 2 214,3 мың.тг), республикалық деңгейден 1,7 есе төмен.

Өнеркәсіп. 2019 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 579,6 млрд. теңгені құрады (өсімі 2017 жылға қарағанда 38,3%). Өнеркәсіп өндірісінің құрылымының негізгі бөлігін өңдеу өнеркәсібі алады – 85,7% (2017 жылы-84,0%), оның ішінде, тамақ өнімдерін өндіру, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру. ЖӨӨ – дегі өнеркәсіп үлесі – 26% ды құрайды.

Өңір мотор отынын – 43,6%, дәрі – дәрмек – 40,6%, цемент клинкерлерін- 32,4%, портландцемент – 29,5%, макарон, кеспе, кускус – 19,8% өндіру бойынша көшбасшы болып табылады.

Қалада өңдеу өнеркәсібінің перспективалы салаларының 57 ірі және орта кәсіпорындары шоғырланған (құрылыс материалдарын өндіру – 15, тамақ өнімдері – 10, жеңіл өнеркәсіп – 11, химия өнеркәсібі – 2, металлургия – 8, фармацевтика – 4, машина жасау – 5, мұнай өңдеу – 2).

Тамақ өнімдерін шығару саласының ірі кәсіпорындарына » Шымкентмай «АҚ (саладағы үлесі – 16%),» Алтын Дән «ЖШС (26%), » Рахат-Шымкент » ЖШС (11,5%) жатады.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қаланың мұнай өңдеу саласындағы үлесі 94% – ды құрайды.

Қалада химия өнеркәсібінің республикадағы ең ірі фармацевтикалық компаниясы – «Химфарм» АҚ  (саладағы үлесі 99,7%) орналасқан.

Металлургия өнеркәсібінің  маңызды кәсіпорындары «Shymkent Temir» ЖШС, құрылыс материалдарын шығаратын  «Ақ-Жол» ЖШС, «Стандарт Цемент» ЖШСжәне «Шымкентцемент» АҚ болып табылады.

Машина жасау саласындағы негізгі кәсіпорындар «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «Экофарм Интернейшнл» ЖШС, «Kazmedpribor Holding» ЖШС.

Жеңіл өнеркәсіптекиім-кешек өндіретін келесі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде, олар – «Azala Textile» ЖШС (мақта мата өндіру), «Хлопкопром Целлюлоза» (тоқыма өндірісі), «Бал Текстиль» ЖШСжәне «Назар Текстиль» ЖШС (кілем өндірісі).

Қалалық кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2017-2019 жылдары 68,0 млрд.теңге сомасына 26 инвестициялық жоба іске асырылып 1643 жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығы. 2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 31,2 млрд.теңгені құрады (2017 жылға қарағанда 27% – ға өсті), мал шаруашылығы үлесі – 65,8%, өсімдік шаруашылығы-31,9%. ЖӨӨ-дегі үлесі – 1,4%.

Өңір елімізде мақта майын өндіретін жалғыз өндіруші – 100%, ал ұн өндіру бойынша ел өңірлері арасында 13,6% бен 2 орын алады.

2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 26,2 мың гектарды құрады, бұл 2017 жылдағыдан 1,7 мың гектарға аз.

2020 жылдың 1 қаңтарында ірі қара мал 74 404 басты құрады (2017 жылға қарағанда 5,8% – ға төмендеді).

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 63 мың га (жалпы жер қорының 54%) құрайды. 2020 жылдың басында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен 50 кәсіпорын айналысады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Шымкент қаласында жүргізген скринингтің (бұдан әрі – скрининг) қорытындысы бойынша өндіріс, сауда және ойын-сауық салаларына қажет бизнес объектілер анықталды. Анықталған, халықтың қажеттіліктері мен бизнестің мүмкіндіктерін ескеретін, бизнес жобалардың жалпы санының кемінде 30% – ын ашу қажет.

Шағын және орта кәсіпкерліктің (бұдан әрі – ШОК) белсенді субъектілерінің саны 2019 жылы 69 435 бірлікті құрады (жұмыс істеп тұрғандардың 86,8%-ы) және 2017 жылға қарағанда 27,6% – ға (15 013 бірлік) ұлғайды.

ШОК субъектілерінің шығарған өнімі 2019  жылы 1 058,2 млрд.теңгені құрады және 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 19,1% – ға өсті. ЖӨӨ-дегі кәсіпкерліктің үлесі 34,1% – ды құрайды (2018 ж. – 25,6%).

2019 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2 557,5 млн.теңгеге 245 жобаға қолдау көрсетілді. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту » бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша 1 114,9 млн.теңгеге 92 микрокредит берілді. Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бойынша 50,0 млн.теңгеге 42 жоба қолдау тапты.

11 жас кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларын мемлекеттік грант аясында іске асыру үшін 55 млн. теңге бөлінді.

2019 жылғы Subnational Doing Business рейтингі бойынша жасалған есепке сәйкес, Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Шымкент қаласы еліміздің 17 өңірінің ішінде 12-орынды алады.

Сауда. Шымкент қаласының бөлшек саудасының жалпы көлемі 2019 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 40% – ға өсіп, 432,7 млрд теңгені (республикадағы үлесі – 3,4%), көтерме сауда-1 402,9 млрд теңгені (29,7% – ға, үлес салмағы-2,1%) құрады.

Есепті кезеңде базарлар саны 37 бірлікті құрады.

Инвестиция. 2019 жылы қала экономикасына 194,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, 2017 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 9% – ға төмендеді. Сыртқы инвестициялардың үлесі 12,2% – ды құрады (2017 жылы – 10,3%, 2018 жылы-4,5%).

Қаладағы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін 2 индустриалды аймақ (Оңтүстік – 337 га және Тассай – 89 га) және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Аумағы 306 гектар болатын «Жұлдыз» жаңа индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Болашақта ауыл шаруашылығын қайта өңдеу және «қарапайым заттар экономикасы» жобаларын дамыту үшін агроиндустриалды аймақ құру жоспарлануда.

Қаланың индустриалды аймақтарында 7,0 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 131,9 млрд.теңге сомасына 126 жоба жүзеге асырылуда.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында құны 29,6 млрд. теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылып, сәтті жұмыс істеуде, 1610 жұмыс орны құрылды.

2020 жылы 158 жұмыс орнын құрайтын құны 1 426,0 млн.теңгелік 5 жоба іске асырылды.

Туризм. Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстанның тарихи және мәдени орталығы. Қаланың ішкі және сыртқы туризмді дамыту үшін рекреациялық және табиғи ерекшеліктері жеткілікті.

Республикада Ұлы Жібек жолы бағытында сақталып қалған Көне Шымкент қаласының тарихи-мәдени объектілерінің жалғыз кешені (көне қалашық және цитадель) жылына 500 мың турист қабылдай алатын мүмкіндігі бар өңірлік деңгейдегі туристификациялау картасына (ТОП-50) енгізілген.

Сумен қамту. Шымкент қаласының халқы 5 сукөзінен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қалада 81 елді мекеннің 60-ы сумен толық қамтамасыз етілген, 14-і ішінара (87,1 мың адам), 7-де (54,9 мың адам) тасымалданатын суды пайдаланады.

2019 жылы сумен үздіксіз жабдықтау деңгейі 94,7% құрады және ол 2018 жылмен салыстырғанда (93%)  жоғары.

2018 жылы қалада 4782,2 км (2017 ж. – 3542,6 км) су құбыры болды.

Қалада 2 су қабылдайтын қондырғы бар. Қуаттылығы 100,0 мың м3 болғанымен, күніне 220,0 мың м3 су алынады.

Канализация. 2019 жылы канализация қаланың орталық бөлігін, 81 елді мекеннің 18-ін қамтыды. Жалпы кәріз жүйесінің ұзындығы 838,98 км құрайды.

2020 жылы қала халқын кәрізбен қамтамасыз ету үшін 3 магистралды және 14 ішкі кәріз желілерінің құрылысы жүзеге асырылды, 1 объектінің («Тоғыс шебер») құрылысы аяқталды. Нәтижесінде кәрізбен 7400-ге жуық адам қамтылды, қамту деңгейі 48% – дан 49,1% – ға дейін артты.

Электр энергиясымен қамту. Қалаға қажет электр энергиясының 58,3% қалада жылу электр орталығы («ЖЭО-3») арқылы өндіріледі, қалған 41,7% сыртқы көздерге тәуелді. Күн сайын 196 мВт/сағ электр қуаты тұтынылады.

Қалада қуаттылығы түрлі деңгейдегі 41 қосалқы станция бар, оның ішінде 220 кВ-тық 2 қосалқы станция, 110 кВ-тық 17 қосалқы станция, 35 кВ-тық 22 қосалқы станция бар.

2019 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 52-сі жоғары сапалы электрмен қамтылған (халықтың 93% немесе 963,5 мың адам), 29 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен.

Электр энергиясымен сапалы қамтамасыз ету 2018 жылдан бастап 91,2% ға , 2019 жылы – 93% ға, 2020 жылы 95% ға ұлғайды.

Газбен қамту. 2019 жылы газ құбырының ұзындығы 6339,7 км құрады, 2017 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету – 91,1 км құрады, 2018 жылы – 91,6%, 2019 жылы – 92%.

82 мың тұрғыны бар 9 елді мекен газға қосылмаған.

Жылумен қамту. Қала тұрғындары бір ЖЭО және 11 қазандық арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.

Қаланың көп қабатты тұрғын үй қорының 82%-ы «ЖЭО – 3» арқылы, қалған 18% – ы жеке қазандықтар арқылы жылытылады.

Орталық жылумен 1903 көппәтерлі және 244 жеке тұрғын үй, 476 мемлекеттік мекеме, 887 шағын және орта кәсіпорындар қамтамасыз етілген, қамтылу деңгейі 46,8% – ды құрайды.

2020 жылы қалада ЖЭО-3, 11 автономды жылыту қазандығы, 15 сорғы станциясы және 3 қазандық бар.

Көлік. 2017-2019 жылдары көлік инфрақұрылымын дамытуға 31 млрд. теңге бөлінді, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 221 нысан немесе 223,7 км жол мен көшелер қамтылды, оның ішінде 125 км немесе 170 нысан пайдалануға берілді.

2020 жылы қалалық қара жолдар асфальтталды, 65 көше мен 2 көпір күрделі жөндеуден өтті, 227 көше орташа жөндеуден өтті;

Әуежайдың өткізу қабілеті – сағатына 200 жолаушы (қазіргі жағдайы – 400 жолаушы/сағат). Соңғы күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілді.

Шымкент қаласының теміржол вокзалы 1968 жылы салынған, бастапқы өткізу қабілеті – тәулігіне 2000 жолаушы, қазіргі кезде 6000 жолаушы өтеді.Соңғы күрделі жөндеу 2010 жылы жүргізілген.

Білім. 2017 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың саны 23% артты. (2017 ж. – 426 мектепке дейінгі ұйым) және 2020 жылы қалада 526 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп тұр.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы 3 жастан 6 жасқа дейінгі 56 513 бала (100%) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.

Қазіргі кезде қалада 148 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беруші мектеп бар. Апатты және үш ауысымды мектептердің саны 21. 2020 жылы 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 5 100 орындық 8 мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау. Қалада 36 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның 15 – і аурухана, 13 – і амбулаториялық емхана, 8 – і басқа ұйымдар.

Қала халқына 3,5 мың дәрігер, 8,6 мың медбикелер медициналық қызмет көрсетеді.

Халыққа амбулаториялық – емханалық көмек көрсету үшін 709 учаске жұмыс істейді, оның ішінде 543 жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖТД), 33 терапевтік, 133 педиатриялық аймақ бар. Бір дәрігерге жүктемені 1905 – тен 1631 адамға дейін төмендету үшін жыл басынан бері ЖПД – ның 203 учаскесі ашылды. Қаланың медициналық ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру көрсеткіші 70,5% құрады.

Коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі – КВИ) күресу үшін 2020 жылғы шілде айының соңындағы жағдай бойынша Инфекциялық және провизорлық стационарларда қосымша 3 860 төсек-орын ұйымдастырылды. Реанимациялық төсек саны 30 – дан 151 орынға дейін өсті, оның ішінде 138-і өкпені жасанды желдету аппараттарымен (88,7%) жарақтандырылған. Оттегімен қамтылған орындар саны 861 – ге немесе 22,3% – ға дейін жеткізілді.

Қалада көтерме дәрілік заттарды сатумен айналысатын 10 ірі фармацевтикалық компания және 560 дәріхана жұмыс істейді.

Жұмыспен қамту. 2019ж. жұмыспен қамтылған халық саны 430,7 мың адамды құрады және 2017 жылмен салыстырғанда 6,5% -ға (404,6 мың адам) өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады (2017 ж. – 5,2%, 2018 ж. – 5,2%).

Еңбек нарығының құрылымында білім беру саласында жұмыспен қамтылудың үлесі анағұрлым жоғары – 53,9 мың адам, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – 27,3 мың адам, өнеркәсіп – 22,025 мың адам.

Спорт. 2019 жылы қаладағы спорт нысандарының саны 856 бірлікті құрады, оның ішінде Спорт сарайы, 3 стадион, 6 спорттық кешен, ұлттық құрама командаларына арналған жаттығу орталығы, 12 спорт кешені, 8 бассейн, хоккей корты, 23 теннис корты, ипподром және басқал спорттық ұйымдар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдануға арналған спорт клубы бар.

2017 жылмен салыстырғанда спорт нысандарының саны 6% артты (2017ж. – 804). Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 294,4 мың адамды құрады, барлық жастағы халықты қамту 28,6% құрады.

Мәдениет. 2020 жылдың басында Шымкент қаласында 1732 орындық 7 театр жұмыс істеді. Театрлармен орташа қамту деңгейі 1000 адамға шаққанда 1,7 орынды құрады. Қалада 3 кинотеатр бар, орташа қол жетімділік – 1000 адамға 2 орын.

2020 жылдың басында қалада 2015 орынға арналған клуб үлгісіндегі 10 мекеме жұмыс істеді, орташа қамтамасыз етілу – 1000 адамға шаққанда 2 орын.

Қалада қоры 30 945 бірлікті құрайтын 42 кітапхана бар, халықты қамтамасыз ету 1000 адамға 1 орыннан тұрады.

Қалада 13 демалыс паркі және 1 зоопарк бар.

Тұрғын үй. Шымкент қаласының тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2020 жылдың басында 18,7 млн.м2 (2020 жылғы 1 қарашаға – 19,2 млн. м2) құрайды, бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету 23,5 м2 (2020 жылғы 1 қарашаға – 24,1 м2), бұл БҰҰ қабылдаған стандарттан төмен (бір адамға 30 м2). Тұрғын үйлердің саны – 128,3 мың, оның ішінде 123,7 мыңы – жеке үйлер, 4,6 мыңы – көп пәтерлі үйлер.

2020 жылдың басында тұрғын үй кезегінде 40,5 мың адам тұр, оның 5,0 мыңы көпбалалы отбасылар.

2019 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 523,7 мың м2 құрады. (2017 ж. – 402,5 мың м2, 2018 ж. – 439,2 мың м2).

Цифрландыру. Шымкент қаласының әкімдігі 160 қызмет түрін ұсынады, оның ішінде 141 қызмет автоматтандырылған.

Қоғамдық қауіпсіздік. Қалада қоғамдық қауіпсіздіктің тұрақты деңгейі байқалады.2019 жылы қалада 14 165 қылмыс тіркелді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12,4% -ға аз.

2019 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының мәліметі бойынша республикада тіркелген қылмыстардың 3,6% – ы (2017 жылы – 8,5%, 2018 жылы-8,5%) Шымкент қаласына тиесілі.

Қаланың негізгі проблемаларының кешенді сипаттамасы

Қаланың жоғары демографиялық өсімі (туу деңгейі 27,89‰, 2019 жылы елдегі орташа көрсеткіш 21,73‰) әлеуметтік (білім беру және денсаулық сақтау), тұрғын үй қоры және мәдениет саласындағы мәселелерді уақтылы шешуді талап етеді.

Қалада халық санының өсу себептері – табиғи өсімнің жоғарылығы (46,9 мың адам немесе 54,9%), көші-қонның оң сальдосы (37,9 мың адам немесе 45,1%) болды. 2017-2019 жылдары көші-қонның жалпы өсімі 56,5 мың адамды құрады.

Қала халқы санының өсуі экономиканың даму қарқынынан озық, бұл қала халқының тұрмыс деңгейінің Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштермен салыстырғанда төмен болуына себепші болып отыр.

Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларының дамуына (тамақ өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдерді, жиһаздарды өндіру сияқты өнеркәсіп салаларында теріс динамика байқалады) негізгі өндірістік қорлардың тозуы, ескірген технологияларды пайдалану, жаңа өндірістерді ұйымдастыру және дәстүрлі өндірістерді дамыту үшін инженерлік-техникалық коммуникациялармен жарақтандырылған жер ресурстарының шектеулілігі кедергі келтіреді.

Өндірістердің жоғары энергия сыйымдылығына байланысты (әсіресе металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі сияқты салаларда), энергия ресурстарының жетіспеушілігі проблемасы пайда болып тұр. Ішкі электр станциялары электр энергиясына жалпы қажеттіліктің 11-13% – ын қамтамасыз етеді, қалған жетіспейтін көлемі, негізінен, елдің солтүстік өңірлерінен жеткізіледі.

Қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су бұру объектілері және т.б.) жағдайы қанағаттанғысыз.

2019 жылы су құбырларының тозу деңгейі 51% – ды, құбырлардың – 37,9% – ды, су бұру инфрақұрылымының – 73% – ды, электр желілерінің – 51% – ды, жылу желілерінің – 38,1% – ды құрады.

Кәрізбен қамтамасыз ету деңгейі – 49,1%. 63 елді мекен кәріз жүйесіне мұқтаж.

Жұмыс істеп тұрған екі АГТС-ң қуаты қаланы дамыту үшін жеткіліксіз (нақты қажеттілік 250 мың м3 болғанымен, қазіргі қуаты 180 мың м3).

Қалада сарқынды суларды тазартудың, өткізу қабілеті тәулігіне 150 мың м3 болатын 1 станциясы бар, нақты қажеттілік тәулігіне 360 мың м3 құрайды. Барлық елді мекендерді кәрізге қосу үшін қолда бар қуаттылық жеткіліксіз.

Қаланың шеткері бөлігінде ТКШ инфрақұрылымының орталықтандырылған жүйелері дамымаған.

Соңғы 3 жылда қаланың 3 ауысымда оқытатын жалпы білім беретін мектептерінің саны 10 есеге (2 мектептен 20 мектепке дейін) едәуір ұлғайды.Апатты мектептер саны да 1 бірлікке артты. Қаланың орта білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығы бар – 29,7 мың орын.

Халықты амбулаториялық-емханалық ұйымдармен қамтамасыз етудің тапшылығы байқалады – бір ауысымда 13,2 мың адамға қызмет көрсетіледі. Медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар желісі жеткілікті дамымаған. Шымкент қаласында халықтың аурухана төсектерімен қамтамасыз етілуі нормативтік деңгейге жетпейді, 10 мың тұрғынға шаққанда 50,0.

Қалада халықтың тұрғын үймен біркелкі қамтамасыз етілмеуі (айырмашылық 8-12,3 шаршы метрге жетеді);

Тұрғын үйге мұқтаж және өз отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын өз бетінше шеше алмайтын азаматтар саны өсуде.Қазіргі уақытта 40 мыңнан астам азамат жергілікті атқарушы органдардың кезек күтушілер тізіміне тіркелген, олардың 5 мыңы – көпбалалы отбасылар.

Бірнеше жыл бойы Шымкент қаласында тұрақсыз экологиялық жағдай қалыптасып келеді, ол қоршаған ортаға теріс антропогендік әсердің деңгейінің жоғарылығы және өмір сүру үшін қолайсыз жағдайлардың болуымен сипатталады.

Шымкент қаласында кәсіпкерлік мүмкіндіктерді дамыту және халықтың табысын арттыру мақсатында 2020 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП өткізген өңірлер скринингінің қорытындысы бойынша, атмосфералық ауаның ластануын және ҚТҚ жинаудың болмауын қоса алғанда, экологиялық проблемалар аудандардағы қала тұрғындарын алаңдатып отырған топ-10 әлеуметтік проблемаға жатады (Абай ауданы – ауаның ластануы (5%), әл-Фараби ауданы – экология проблемалары (1%), Еңбекші ауданы – экология проблемалары (2%), ұйымдастырылмаған ҚТҚ жинау (1%), Қаратау ауданы – ұйымдастырылмаған ҚТҚ жинау (4%).

Қоқысты шығару және кәдеге жарату Қаланың үй шаруашылықтарының (Еңбекші, Қаратау аудандарын қоса алғанда) сауалнамалары бойынша потенциалды бизнес-объектілердің қатарына жатады.

Тұтыну қалдықтарын басқару саласындағы қазіргі проблемаларға мыналар жатады: стихиялық қоқыстардың болуы (13), қоқыс контейнерлерінің жеткіліксіз саны (95% орталықтандырылған), құрылыс қалдықтары полигонының болмауы.

Бәсекелестік артықшылықтары

Дамыған өндірістік инфрақұрылымы («Оңтүстік» ИА, «Оңтүстік» АЭА кеңейту, «Жұлдыз» ИА, «Тассай» ИА, агроиндустриялық аймақтың құрылысы);

Дамыған және әртараптандырылған өнеркәсіп (тоқыма, металлургия, фармацевтика өнеркәсібі және мұнай өңдеу);

Жеңіл және тамақ өнеркәсібін, құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік беретін бай минералдық-шикізат базасы;

Кластерлерді, әсіресе тамақ, тоқыма, құрылыс индустриясы кластерін қалыптастыру үшін жағдайлардың болуы;

Шағын және орта бизнестің дамыған секторы;

Табиғи-климаттық аймақтардың әртүрлілігі, Ұлы Жібек жолы бағытында орналасқан ірі тарихи қалалардың (Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд және т.б.) жанында орналасуы.

Ішкі және сырттан келушілер туризмін дамыту үшін рекреациялық және табиғи мүмкіндіктердің болуы.

Мүмкіндіктері

– жоғары өнімді жұмыс орындарын құруды, сапасы жоғары мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді, өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін, Қазақстанның бүкіл оңтүстігіндегі ауыл тұрғындары үшін урбандалу орталығы ретінде Шымкент қаласын дамыту.

– мұнайды қайта өңдеу көлемін, қайта тереңөңдеуді ұлғайту, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту есебінен мұнай өңдеу саласын дамыту;

– Шымкент қаласының айналасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін азық-түлік белдеуін құру;

– Шымкент қаласын елдің көршілес және батыс өңірлері (Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстары және т. б.) үшін тауарлар дистрибуциясының орталығы ретінде дамыту;

– индустриялық аймақтардың аумағын барынша толтыру;

– Шымкент қаласының агломерациялық даму перспективаларын ескере отырып, білім беру, ойын – сауық, емдеу-сауықтыру және басқа да қызмет көрсету секторларын дамыту;

– қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту.

 

 

3.   НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУЖОЛДАРЫ

3.1Бағыт 1: Аймақ экономикасының өсуі

Мақсат 1: Қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету

 

 

 

Мақсаттық

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 ЖӨӨ нақты көлем индексі % 103,5 104,2 104,8 105,3 105,8 Барлық мемлекеттік органдар

 

Жету жолдары:

Нақты секторды (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, көлік) және көрсетілетін қызметтер саласын (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер және басқалар) дамыту есебінен ЖӨӨ өсуі;

Барлық салалардың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, көлік, қызмет көрсету) орташа жылдық өсу қарқыны 104,0-105,0 құрайды%;

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру;

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қаржыландырылуын ұлғайту және әлеуетін пайдалану (жылына 6% қолжетімді мөлшерлеме бойынша) негізінен инвестициялық мақсаттар үшін.

 

 

 

 

 

 

Мақсат 2: Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларын басымдықпен дамыту

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Шикізаттық емес экспорт  көлемі млн.

АҚШ долл.

640,9 702,6 770,3 857,1 1 018,4 Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму Басқармасы

 

2 Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар млрд. теңге 116,8 146,7 179,2 211,4 241,6
% 146,8 125,6 122,2 118,0 114,3
3 Еңбек өнімділігінің өсуі: % 101,0 101,6 102,0 103,1 104,6
өткен жылға % 106,9 107,0 106,6 105,9 105,8
2018 жылға % 133,5 142,8 152,2 161,3 170,7

 

Жету жолдары:

 

«Оңтүстік» АЭА, «Жұлдыз» ИА, «Оңтүстік» ИА, «Тассай» ИА аумақтарында 23 жобаны іске асыру, оның ішінде 15-ін – шетелдік инвесторлармен бірігіп дайындау (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Испания, Франция) );

мемлекеттік сатып алулар, жер қойнауын пайдаланушылардың отандық тауарларды жылжыту үшін сатып алу туралы оффтейк-келісімдер жасасуы;

бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «ҚазақИнвест» Ұлттық компания АҚ мен«Shymkent»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на қолдау көрсету;

Жаңа экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін игеру, сыртқы нарықтарға өнімдерді экспорттық жеткізу географиясын кеңейту мақсатында даму институттарымен (Қазақстанның Даму Банкі, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы, қазақстандық индустрия және экспорт орталығы) өзара іс-қимыл арқылы қала кәсіпорындарына қолдау шараларын көрсету;

Проблемалық мәселелер тізбесін қалыптастыру және оларды экспорт мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырыстарына енгізу;

Жаңа инвесторларды тарту арқылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау картасының 25 жобасын іске асыру, олардың ішіндегі ең ірілері:

2021 жыл – «Шымкенттік химия компаниясы» ЖШС-ң «Метил-трет бутилді эфир және полипропилен өндірісі» жобасының I кезеңі, 28,2 млрд.теңге;

2021 жылы – «Амир-А» ЖШС металлургия зауытының жобасы, 18,0 млрд.теңге;

2022 жыл – полипропилен иірімжіп өндірісі бойынша «Назар Текстиль» ЖШС, 1,8 млрд.теңге;

2022 жыл-тоқыма иірімжіп өндірісі бойынша «AZALA Cotton» ЖШС, 2,0 млллрд.теңге;

2023 жыл – «ONGUD GROUP CO. LTD» ЖШС желатин және былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісі бойынша жоба, 3,8 млрд. теңге;

2023 жыл – «Шымкент химия компаниясы» ЖШС «Метил-трет бутил эфир және полипропилен өндірісі» жобасының ІІ кезеңі, 17,2 млрд. теңге;

2024 жыл – «POLYCORP» ЖШС полипропилен қаптарын, биг-бегтерді, вагон астарларын өндіру бойынша жоба, 9,5 млрд. теңге;

2025 жыл – «Айсервис транс» ЖШС трансформаторлар өндірісі бойынша жоба, 2,5 млрд.теңге.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін арттыру үшін 5 негізгі жобаны іске асыру:

2022 жыл – ферросилиций-марганец өндіретін «Қытай-Қазақстан марганец өнеркәсіптік тобы» ЖШС жобасы, 150 жұмыс орны;

2023 жыл – метилбутилді эфир және полипропилен өндірісі бойынша «Шымкенттік химия компаниясы» ЖШС жобасы, 100 жұмыс орны;

2024 жыл – «POLYCORP» ЖШС полипропилен қаптарын, биг-бегтерді, вагон тығындарын өндіру бойынша жоба, 500 жұмыс орны;

2025 жыл – «Айсервис транс» ЖШС трансформаторлар өндірісі бойынша жоба, 100 жұмыс орны.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологияларын жаңарту және модернизациялау, «Ютекс» ААҚ, «Меланж» ААҚ сияқты тоқтап тұрған өндірістерді қайта іске қосу;

2021-2025 жылдар – өткізу, шикізатқа қол жеткізу, қаржыландыруға қол жеткізу проблемаларын шешу мақсатында скрининг шеңберінде анықталған кәсіпорындардың кемінде 30% – ының (1 410 бірлік) қуатын арттыру;

2021-2025 жылдары «цифрлық модульдік фабрикалар» пилоттық жобасына енгізілген өңірлік жобаларды («Химфарм» АҚ, «Бал Текстиль» ЖШС, «Karlskrona LB AC» ЖШС) іске асыру;

Өнеркәсіп салаларында цифрлық технологиялық платформаларды қалыптастыру.

Бизнес-ахуалды жақсарту және инвестициялар тарту мақсатында отандық және ірі шетелдік компаниялардың қатысуымен жыл сайынғы Халықаралық бизнес форумын өткізу.

 

 

 

 

Мақсат 3: Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі % 108,5 110,0 112,5 114,5 116,5 Ауыл шаруашылығы және ветеринарлық медицина Басқармасы

 

Жету жолдары:

Екі агро-индустриялық аймақ құру:

1 – көлік-логистика орталығына жақын маңда 136 га алаңда заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу, 1-кезеңде көзделген жобалар бойынша 30 га жерге 8 жоба (2020-2021 жылдар) іске асырылатын болады, 2-кезеңде 60 га-ға 20 жоба (2022-2025 жылдар) іске асырылатын болады;

2-Қайнар тұрғын алабы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағын құру (1-кезең 2021-2023 жылдар, 2-кезең 2023-2025 жылдар);

Жылыжай өндірісі, қарқынды бау-бақша, бордақылау, мал мен құс өсіру саласында 42 инвестициялық жобаны (жылына 8-9 жоба) іске асыру, оның ішінде:

Жалпы құны 530,0 млн. теңге болатын 5 сүт-тауар фермасын салу (ЖК Корганов Данияр, «TURANAgroproduct» ӘКК, «SilkwaySairam» ӘКК, «Рахат-Agro» ШҚ, «Alibaba» ШҚ»);

2 шағын отбасылық сүт фермаларын кеңейту;

Сыйымдылығы 200-1000 бас болатын 10 бордақылау алаңын құру («Шадимат» ШҚ,» Мирахмат ата «ШҚ,» Баккон «ШҚ,» Жакипова Г «ЖК,» Замин «ШҚ, Ахмедов Мураджан ЖК,» Масатбаев «ЖК, Махаматалиев Акрам ЖК, «Әуелбеков» ЖК, «Наурыз» ЖШС»);

2021-2022 жылдары 1 000 бастан жоғары ешкілері бар 2 ферма салу («Алик» ЖК, «Shymkent Agro Holding» ЖШС»);

2021-2022 жылдары жалпы құны 3 300,0 млн. теңгеге 3 ірі құс фермасын салу («Шымкент құс» ЖШС, «Тассай Құс» ЖШС»);

2021-2025 жылдары «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық транзит жолының бойында қарқынды бақша алаңын 1 600 га дейін ұлғайту (3-5 бау-бақша шаруашылығы), оның ішінде құны 1,7 млрд. теңге тұратын экспортқа бағытталған ауданы 142 га бау-бақша шаруашылығын құру («Бес қара» ЖШС, «Д-Сабыр» ЖК, «Д-Сабыр» ЖК»);

2021-2025 жылдары жылыжайлардың жалпы алаңын 285,0 га дейін жеткізу, жиынтық жиыны жылына 18 000 тонна өнімге дейін («Таза өнім» ШҚ, «ASM Corporation» ЖШС, ЖШС, «Татыбаева» ЖК, «AIDI AgroTrade» ЖШС, «AgroTrade» ЖШС, «Колесников» ЖК, «TurkestanAgro» ЖШС, «NurAlem» ЖШС) 90 га өнеркәсіптік жылыжайдың қосымша құрылысы (жыл сайын шамамен 15-20 га);

Қала аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуатын жыл сайын 2-3 мың тоннаға арттыру («Жұлдыз» ШҚ, «дара Сайрам» ЖШС, «Эмнур» ЖШС»);

Ауыл шаруашылығына инвестициялар көлемін 31 055,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту(2021-2025 жж);

2023 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қуаты 200 000 шаршы метр Тоңазытқыш және тоңазытқыш камераларының 92 га көлік-логистикалық аймағын құру;

Азық-түлік белдеуін құру;

Ауыл шаруашылығының НКИ жыл сайын 103 – 103,5% – ға дейін ұлғайту

 

 

 

 

 

 

Мақсат 4: Кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігінің артуына қолайлы жағдайлар жасау

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі

 

% 26,5 27,2 29 31 35 Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму Басқармасы

 

Жету жолдары:

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында:

жылына 110 жобаны субсидиялау, 50 жобаға кепілдік беру;

50 жобаға және жас кәсіпкерлерге 100жоба бойынша мемлекеттік гранттар беру;

2021 жылға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы аясында:

60 жобаға микрокредиттер беру;

20 жобаға кепілдік беру;

Жас кәсіпкерге, оның ішінде әйелдерге, 20 жоба көлемінде жеңілдетілген несие беру;

Кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті бюджеттің салық салынатын базасын ұлғайту мақсатында:

2021-2022 жылдар-скринингінің қорытындысы бойынша бизнес жобалардың ашылуы (автотұрақтар, өнімді қайта өңдеу цехтары, сүт өңдеу цехтары, тігін цехтары, азық-түлік дүкендері, сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, дәмханалар, банкоматтар, шаштараздар, интернет клубтар, қоғамдық моншалар);

2021-2022 жылдар:

өндіріс көлемін 3,54 млрд. теңгеге ұлғайту және 895 жұмыс орнын құру мақсатында скринингпен анықталған 893 жобаның ішінен кеңейту мүмкіндігі бар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кемінде 268 жобасын қолдау;

скринингпен анықталған әлеуетті кәсіпкерлер қатарынан 169 жаңа жұмыс орнын және жаңа 844 кәсіпкерлік субъектісін құра отырып, халықты жаппай кәсіпкерлікке тартуды 20% – ға ұлғайту;

2021-2025 жылдары стационарлық сауда объектілерінің санын ұлғайту мақсатында:

«Астана», «Бақыт», «Қаратау» сауда объектілерінің құрылыс жұмыстарын аяқтау,стационарлық емес объектілерді стационарлық сауда объектілеріне, атап айтқанда, «орталық жоғарғы базар», «Көмеш бұлақ» базарларына трансформациялау;

мал базары мен «Қазыбек» базарын қала сыртына көшіру, сауда орындарын кеңейту.

қала экономикасының басым секторларына инвестициялар тарту;

инновациялық инфрақұрылымды дамыту (технопарктер, технополистер, бизнес-инкубаторлар, акселераторлар және т. б.);

Скрининг қорытындылары бойынша анықталған қаржыландырылатын жобалар тізбесіне қолданыстағы «Еңбек», «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалары, өңірлік бағдарламалар, басқа да қолдау шаралары шеңберінде бизнес жобаларды енгізу;

 

 

Мақсат 5: Туризмді дамыту-кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағыты

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындарымен қамту арқылы қызмет көрсетілген келушілер санын ұлғайту саны 315 381

 

378 457

 

473 071

 

614 993

 

830 240

 

Туризм Басқармасы
% 15 20 25 30 35

 

Жету жолдары:

Ескі қаладағы амфитеатрдың құрылысын 2021-2022 жылдары аяқтау;

2021 жылы Ескі Шымкент қаласы цитаделінің мастер-жоспарын әзірлеу;

2021 жылыШымкент қаласының туристік порталы мен мобильді қосымшасын жасау;

2022-2023 жылдары Алматы қаласындағы Qazaq-Oner орталығына ұқсас Шымкент қаласында қолөнер орталығын құру;

2025 жылға қарай Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата, Мірәлі баб, Қарашаш ана, Қызыр мұнарасы, Сайрам қалашығы (Исфиджаб) кесенелерін толық қалпына келтіру;

2025 жылға дейін Сайрам (Ибрагим ата кесенесі, Қарашашана, Мартөбе және басқалары) тұрғын алабының киелі объектілерін абаттандыру;

туристік ақпараттық орталық құру;

Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалында, теміржол вокзалында, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағында, автомагистральдарда және ескі қала аумағында: «Цитадель» локациясы, тегін туристік ақпарат, брондау, кәдесыйлар, кітаптар мен карталар сатып алу мүмкіндіктерін ұсынатын визит-орталықтардың жұмысын ұйымдастыру;

3 тілде туристік трибордтар (стел көрсеткіштер) құру (олардың санын 2025 жылға дейін одан әрі ұлғайта отырып), онда көшелер, орындар, көрікті жерлер туралы қажетті ақпарат, объектілердің QR-кодтары және олардың туристерді қажетті орындарға жіберу үшін туристік объектілерге жақын орналасуы бар;

2021 жылы әуе транпортының инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа терминал салу;

2022 жылы теміржол вокзалын қайта құру.

3.2Бағыт 2: Өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз аймақ

Мақсат 1: Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу Бір тұрғынға келетін м2 25,0 25,5 26,0 26,5 27,0 Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы Басқармасы

 

 

Жету жолдары:

шамамен 3 млн. м2 тұрғын үй немесе 47 мың пәтер салу (2021 – 592,3, 2022 – 602,8, 2023 – 610,8, 2024 – 624,1, 2025 – 632,3 м2), оның ішінде 3 мың көп балалы отбасы және аз қамтылған отбасынан 532 адамды тұрғын үймен қамту;

2020-2021 жылдар – «Шымкент-сити» шағын ауданында 60 мың тұрғынға арналған қазіргі заманғы көппәтерлі үйлер мен ойын-сауық орталықтарының құрылысы;

2020-2022 жылдар – «Тұран» шағын ауданында 7 көп қабатты тұрғын үй, 9-қабатты 25 тұрғын үй, 12-қабатты 9 тұрғын үй сыртқы инженерлік желілерсіз салу;

2021-2023 жылдары – «Тұран» шағын ауданында 9 қабатты тұрғын үй құрылысы (4 үйді қайта қолдану): 1-5 кезек;

2022-2024 жылдары – «Тұран» шағын ауданында 12 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы: (1 кезек, 3 үйді қайта қолдану), (2 кезек, 4 үйді қайта қолдану), 66 тұрғын үй (1 кезек, 2 үйді қайта қолдану);

2022-2024 жылдар – 9 қабатты тұрғын үй құрылысы: «Тұран» шағын ауданында 40 тұрғын үй (1 кезек, қайта қолдану 2 үй);

2022-2025 жылдары – Шымкент қаласының «Тұран» шағын ауданында 16 қабатты тұрғын үй құрылысы (2 үйдіқайта қолдану);

2023-2025 жылдар – әкімшілік-іскерлік орталығында сыртқы инженерлік желілерсіз  9 қабатты тұрғын үй салу (8 үйді қайта қолдану);

2023 жылға қарай 16 лифтіні ауыстыру;

5 жыл ішінде 250 көп қабатты тұрғын үй ғимаратын жөндеу (жылына 50 үй);

көппәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру;

тұрғын үйлерді салу және реконструкциялау, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу;

тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік және жеке әріптестікті (МЖӘ) ынталандыру;

жеке және коммерциялық тұрғын үй салу.

 

 

 

Мақсат 2: ТКШ инфрақұрылым нысандарын жаңғырту

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі; % 96 97 98 99 100 Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасы
2 Кәріз жүйесімен қамту % 54 59 63 64 65
3 Газбен қамту % 93 94 95,6 97 99,5
4 Сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету % 95 96,2 97,4 98 99,5
5 Жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету % 37 35 33 31 30

 

Жету жолдары:

халқының саны 25 мыңнан асатын 5 шағын ауданда (2021 ж.), халқының саны 42 мың адам болатын 6 шағын ауданда (2021-2022 жж.) су құбыры желілерін салу, 10 елді мекенді қамтамасыз ету үшін 2021-2022 жж. 3 магистральдық құбыржәне 2022-2025 жж. 8 магистральдық су құбыр салу

2021-2025 жылдары – бес қосалқы станцияны пайдалануға беру: 2021 жылы – «Ақжар» және қуаты 110 МВт- тық 1-М-1, 2020-2021 жылдары – «Ынтымақ», 2022-2025 жылдары – «Оңтүстік» және «Қызылсу»»:

2021 жыл – қуаты сағатына 250 мың текше метр № 3 АГРС салу;

2021 жыл – Сайрам ауданы Қасым датқа ауылынан газ құбырын салу;

2021-қаланың барлық аумағы табиғи газбен толық қамтамасыз етіледі,

2021-2025-қуаттары 20 және 50 мың текше метр, ұзындығы 84,4 кмекі тазарту ғимаратының құрылысын бітіру (2021 жылы-16 км, 2022 – 17, 2023 – 15, 2024 – 15, 2025 – 21,4 км);

2021 жыл – «Арғынбеков-Жібек жолы» магистралінің құрылысын аяқтау»;

2021-2025-жылумен жабдықтау инфрақұрылымын қайта жаңарту және жөндеу: 2021 жылы – 5 объект, 2022 – 6, 2023 – 5, 2024 – 3, 2025 – 3.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы аудандардың скринингі қорытындылары бойынша анықтаған «объект жоқ», » сапасы нашар объект » санаттары бойынша инфрақұрылым сапасын 2022 жылға дейін жақсарту (халықты келесі көрсеткіштер бойынша қамтамасыз ету үлесін арттыру: сумен жабдықтау – 2%, жылумен жабдықтау – 8%, электрмен жабдықтау – 2%, ұялы байланыс – 1%, Интернет – 4%).

 

Мақсат 3: Көлік инфрақұрылымыныңсапасын жақсарту

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі % 63,6 67,4 71,2 75 79 Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі Басқармасы

Жету жолдары:

2021 жылға дейін қаланың қара жолдарын таспен толық жабу;

2022 жылы 13 магистральдық жолды, 3 көпірді қайта жаңарту, 2022 жылы 2 жол айрығын (Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында, Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында, ) және 2021-2022 жылдары 1 көпірді салып,  пайдалануға беру;

2021 жылы №1 автожолды күрделі жөндеуден өткізу,Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы, 2022 жылы – Адырбеков көшесінің құрылысы;

2023 жылы Ташкент-Алматы бағытындағы қаланың көлік өткізу қабілетін арттыру үшін Қонаев даңғылын салуды жалғастыру;

2023-2024 жылдары қаланың транзиттік айналма жолдарының сыртқы сақинасын қалыптастыру үшін А-2 айналма жолының құрылысын аяқтау;

2025 жылға дейін – оңтүстік және шығыс айналма жолдарының құрылысы;

2023 жылға қарай – қоғамдық көліктің маршруттық желісін оңтайландыру (бірнеше көлікпен ауысып жетудің санын және уақыт шығынын азайту мақсатында, шалғайдағы тұрғын үй алаптарына дейін ыңғайлы жолаушылар маршруттарын дайындау, қозғалыс аралықтарын қысқарту), мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген автобустарды сатып алу;

2024 жылға дейін – көлікті басқаруда заманауи ақпараттық технологияларды енгізу;

2021 жылға қарай жаңа велосипед жолдарын және жаяу жүргіншілер жолдарын құру;

2021 жылы Shymkent-bike жобасы қайта жаңарту.

 

Мақсат 4: Аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Жасыл белдеу алаңының жыл сайын ұлғаюы га 2868 2472 2742 4272 4272 Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы,

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

2 Қатты тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі % 27 29 31 33 35 Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы

 

Жету жолдары:

«Ақылды қала» тұжырымдамасын (Smart City) енгізу шеңберінде Шымкент қаласында атмосфералық ауа сапасын бақылатын онлайн-мониторинг жүйесін және ластану деңгейі бойынша ақпараттандыру жүйесін енгізу;

2022 жылға дейін қоғамдық көліктің 60% сұйытылған газға ауыстыру (2020 ж. – 9,2%);

2025 жылға дейін жеке секторды қоса алғанда, қаланың тұрғын үй алаптарын газдандыру;

2021 жылға дейін Ордабасы алаңынан Жангелдин көшесіне дейін (I кезең) және Жангелдин көшесінен Республика даңғылына дейін (ІІ кезең) Қошқарата өзенін абаттандыру;

2025 жылға дейін фосфор және қорғасын өндірісінің жинақталған тарихи қалдықтарын кәдеге жарату (қорғасын зауытының шламдары, кальций арсенаты қорымы, бұрынғы қорғасын зауытының аумағындағы өндірістік және құрылыс қалдықтары, ЖЭО-2 күл-қож қалдықтары, құрамында фосфор бар шламдар);

Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы қаланың солтүстік бөлігінде шамамен 15 га дейінгі алаңы бар өнеркәсіптік және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі полигон салу;

қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін ҚТҚ және құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер алаңдарын орнату (бірінші кезеңде – қаланың орталық бөлігінде 300 дана, одан әрі «ӨКМ Операторы» бағдарламасы шеңберінде жылына 200 данадан»);

контейнерлік алаңдарды заманауи экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келтіру (2025 жылға дейін 1474 контейнер);

2024 жылдан бастап «Ақылды қала» жобасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «қатты тұрмыстық қалдықтарды диспетчерлендіру» жобасын іске асыру»;

2020-2021 жылдары іскерлік және әкімшілік орталықта, № 1 тас жол бойында және «Қасірет» мемориалының жанында 3 саябақ салу;

2023 жылға дейін Шымкент сити т/а 47 га-ға саябақ салу;

Ташкент, Түркістан және Алматы кіреберіс жолдарын абаттандыру және жасыл желектер отырғызу;

жыл сайын жасыл екпелерге бақылау жүргізе отырып, 200 мыңнан астам көшет отырғызу;

2023 жылға қарай қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде ауданы 13 мың га жерге 6,5 млн. түрлі ағаш көшеттерін отырғызып,жасыл белдеу құру;

2021 жылы қаланың орталық көшелерін, қоғамдық орындарды көгалдандыру үшін ауданы 200 га питомник құру.

 

Мақсат 6: Қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Көшелерде жасалатын қылмысты азайту % 19,6 19,5 19,4 19,3 19,2 Ішкі істер Департаменті
2 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі %  

49

 

63

 

75

 

81

 

88

Әкім аппаратының мамандандырылған базасы КММ

Төтенше жағдайлар Департаменті

 

Жету жолдары:

профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізу;

2022-2023 жылдары 302 көшені жарықтандыру;

2021 жылы 3 740 бейнебақылау камерасын, оның ішінде 1 500 қоғамдық қауіпсіздік камерасын, 2 240 – жол қауіпсіздігі камерасын орнату;

қаланың неғұрлым криминогенді учаскелерінде полиция жасақтарын ұлғайту;

2021 жылы Бадам және Сайрам-су сел қауіпті өзендерінде бөгеттер тұрғызу арқылы селден қорғау және жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу;

2023 жылы Бадам-2 тұрғын алабы ауданында қарама-қарсы жолақты құрылыстар салу;

Жыл сайын 6-7 Денсаулық сақтау, білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту.

2024 жылы Қошқар ата Қарасу өзенінде тазарту жұмыстары;

2024-2025 жылдары суға шомылу маусымы мен су тасқыны қаупі бар кезеңде су айдындарында суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қалада 2 суда құтқару станциясын құру;

2021 жылы қосымша 52 нүктеде құлақтандырушы электр дабылдарын орналастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсат 7: Сыбайлас жемқорлықты азайту

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Сыбайлас жемқорлық деңгейі  

 

 

%

 

 

 

50

 

 

 

52

 

 

 

54

 

 

 

56

 

 

 

58

Шымкент қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау жүйесі бөлімі

 

Жету жолдары:

жер қатынастары саласындағы әлеуметтік маңызы бар 7 мемлекеттік қызметті, сәулет және қала құрылысы саласындағы 3 мемлекеттік қызметті, білім беру саласындағы 8 мемлекеттік қызметті, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы 8 мемлекеттік қызметті және денсаулық сақтау саласындағы 8 мемлекеттік қызметті автоматтандыру;

әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің кемінде 30% – ын бәсекелес ортаға беру жөніндегі ұсыныстар;

бірыңғай ақпараттық жүйені құру мақсатында электрондық мемлекеттік қызметтердің мониторингі жүйесін жетілдіру;

«бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін 2025 жылға қарай 95% – ға дейін ұлғайту.

 

3.3Бағыт 3: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету

Мақсат 1: Өңірдегі жұмыс күшінің тапшылығын азайту

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Құрылған жұмыс орындарының саны, оның ішінде бірлік 22 100 22 542 22 993 23 453 23 922 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы
  тұрақты бірлік 13 260 13 526 13 796 14 072 14 353
  – уақытша бірлік 8 840 9 016 9 197 9 381 9 569
2 Жастар жұмыссыздығының деңгейі % 3,8 3,8 3,8 3,7 3,7
3 Жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған  АӘК (ШАК) еңбекке қабілетті алушылардың үлесі (ШАК алушылардың жалпы санында) % 60 60,5 61 61,5 62,0

 

Жету жолдары:

еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрларды қайта даярлау;

жастар арасында жұмыссыздықты азайту үшін «жастар практикасын» кеңінен қолдану;

жұмыспеннәтижелі қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың«Еңбек» бағдарламасы бойынша азаматтарды жұмысқатарту;

жұмысқа қабілетті азаматтарды үкіметтік және Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде және жеке сектор есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындарына тарту;

Шымкент қаласында Бос орындар жәрмеңкесін өткізу және еліміздің жұмыс қолытапшылығы бар өңірлеріне жіберу;

Дуальді оқытумен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының үлесін 2020 жылғы 10% – дан 2025 жылға қарай 20% – ға дейін ұлғайту;

«Мен кәсіпкер боламын!» жобасы шеңберінде өз бизнесін ашу үшін жыл сайын жастар мен әйелдердің 10 жобасын қолдау;

Өз бизнесін ашуға гранттар беру (бөлінген гранттың жалпы санының 33% – ы АӘК алушыларға шартты ақшалай көмек түрінде беріледі);

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша микрокредиттер беру (бөлінген кредиттің жалпы санының 3,7% – ы АӘК алушыларға шартты ақшалай көмек түрінде беріледі).

 

 

 

 

Мақсат 2: Халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту

 

Нысаналы

көрсеткіштер

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Өлім-жітімнің стандартталған коэффициенті коэффициент 5,1 5,1 5,1 5,1 5,1 Денсаулық сақтау Басқармасы
2 Денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайту % 72,5 74,5 76,5 78,5 80,5

 

Жету жолдары:

2020-2021 жылдар – медициналық ұйымдардың 10 ғимаратына, оның ішінде 2 көп бейінді ауруханаға, № 2 ауруханаға, қалалық перзентханаға, «Ана мен бала» орталығына және № 1 емханаға күрделі жөндеу жүрргізу;

2021-2025 жылдар – қаланың барлық елді мекендерін (Шаңырақ, Тассай, тәжирібе, Қызылсай, Достық, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жиделі, Қайнарбұлақ, Асар-2, Қызылсу, Бадам-2) бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек (БМСК) объектілерімен қамтамасыз ету үшін 12 дәрігерлік амбулатория салу;

2021 жыл – №12 емхана құрылысы;

2022 жыл –№4,№9 емхана құрылысы;

2023 жыл –№11,№14емхана құрылысы;

2024 жыл-200 төсектік перинаталдық орталық корпусын салу;

2025 жыл – мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясындаТұран шағын ауданында 1000 төсектік университеттік клиника құрылысы;

2021 жылы бедеулікті емдеу үшін репродуктивті медицина институтының Шымкент филиалының ашылуы;

Кардиологиялық орталықты Ұлттық кардиохирургиялық зерттеу орталығының басқармасына беру (жүректі ауыстырып салу бойынша бірегей операциялар жүргізу);

Медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету (3 компьютерлік томограф, 3 ангиограф, 1 магниттік-резонанстық томограф);

2021 жылы обырды емдеу бойынша позитрондық-эмиссиялық томографияны іске қосу, МЖӘ инвесторларын тарта отырып, маммография, инсульт орталықтары, кардиология, гемодиализ бойынша жабдықтар орнату;

стационарларда медициналық газбен жабдықтау (оттегі, сығылған ауа, вакуум), биологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес желдеткішті жаңғырту және оңтайлы микроклиматты қамтамасыз ету мәселесін шешу;

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тұрақты қорын құру;

Медициналық көмек көрсетудің ресурс үнемдейтін нысандары (технологиялары) желісін дамыту (күндізгі стационарлар, амбулаториялық хирургия орталықтары);

Тәжірибелі реаниматологтардан, пульмонологтардан, эпидемиологтардан, инфекционистерден жедел ден қою реанимациялық тобын құру;

реанимациялық және қарқынды терапевтік төсектердің санын 151-ден 330 орынға дейін ӨЖЖ аппараттарымен толық қамтамасыз ету;

жасанды зердені енгізу және денсаулық сақтау саласын толық цифрландыру, оның ішінде халықты ақпараттандыру және өз денсаулығын қорғауға тарту үшін мобильді және веб-қосымшаларды барлық жерде пайдалану;

халықтың денсаулық мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру және мінез-құлықының тәуекел факторларын төмендету;

жоғары технологиялық медицинаны, биомедициналық ғылымды дамыту, оның ішінде жыл сайын Израиль, Германия, Ресей және Литваның жетекші мамандарымен қаланың медициналық қызметкерлерінің 30%-ның қатысуымен мастер-кластар өткізу.

 

Мақсат 3: Қала тұрғындарын әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

 

 

Нысаналы

көрсеткіштер

 

Өлшем бірлігі Жоспарлық көрсеткіштер Жауапты орындаушылар
2021

жыл

2022

жыл

2023

жыл

2024

жыл

2025 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Апатты және үш ауысымды мектептер санын азайту ед. 13 8 6 2 0 Білім Басқармасы
2 Халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі % 25,1 25,2 25,3 25,4 25,5 Дене шынықтыру және спорт Басқармасы

 

Жету жолдары:

2021-2025 жылдары 72 жаңа мектеп салу (2021 жылы – 34, 2022 жылы – 14, 2023 жылы – 8, 2024 жылы – 9, 2025 жылы- 7);

жеке меншік мектептер желісін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізу;

16 жалпы білім беретін мектепке, 2 интернатқа, 2 колледжге және 7 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу;

орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу;

Орта білім беруде жан басына шағып қаржыландыруды енгізу;

жоғары және бірінші санатты мұғалімдер санын 30%-ға дейін ұлғайту;

дуальді оқыту моделін енгізу, озық әдістемелер бойынша оқыту;

білім берудің жоғары сапалы және қолжетімді барлық түрлері мен деңгейлерінқамтамасыз ететін заманауи және қауіпсіз цифрлық білім беру ортасын құру;

32 мектепте спорт алаңдарын салу;

мектептерде «Onlinemektep.orq» цифрлық білім беру платформасын енгізу;

білім беру мекемелерінде интернет жылдамдығын 8-ден 12 Мб/сек-ке дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;

2021 жылы -115 спорт алаңының ашылуы;

2021-2022 жылдары – №12 қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін салу;

2021– 2022 жылдары -Металлургтер стадионын көп бейінді спорт кешені етіп қайта жаңарту;

2022-2023 жылдары – №15 қалалық спорт мектебінің спорт кешенін салу, ауыр атлетикадан №20 қалалық спорт мектебінің спорт кешенін салу;

2022–2023 жылдары -Қажымұқан атындағы орталық стадионды қайта құру;

2022-2023 жылдары – жаңа ипподром құрылысы;

2023-2024 жылдары – 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу;

Барлық шағын аудандарда балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің филиалдарын ашу;

Жыл сайын қалада 45,0 мың тұрғынды қамти отырып, кемінде 300 спорттық іс-шара (веложарыс, стрит-воркаут, шығыс жекпе-жегі бойынша қалалық чемпионат, жауынгерлік өнер фестивалі, Футбол, Футзал, шағын-футбол, күрес бойынша жарыстар, Наурызға бұқаралық спорттық іс-шаралар) өткізу.

 

4          ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

 

Қала аумағын дамыту Бағдарламасын іске асыру үшін қаржы ресурстарының жалпы көлемі 536,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:

млрд. тенге

Бағыттың атауы 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл 2021-2025жж жиыны
1 2 3 4 5 6 7 8
1. Бағыт 1 10,3 36,7 35,5 19,6 26,5 128,6
2. Бағыт 2 70,2 89,7 72,7 65,3 55,7 353,6
3. Бағыт 3 22,9 21,1 5,2 2,7 2,8 54,7
БАРЛЫҒЫ 103,4 147,5 113,4 87,6 85,0 536,9

 

 

 

 

 

 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

АГТС – Автоматтандырылған газ таратушы станция

ӘІО – әкімшілік-іскерлік орталық

Аппарат ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету аппараты

АҚ – Акционерлік қоғам

АӨК – агроөнеркәсіп кешені

ЖІӨ – Жалпы ішкі өнім

ЖПД – жалпы практика дәрігері

ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім

қ. – қала

га – гектар

МЖӘ – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік

ЖКО – жол-көлік оқиғалары

ТКШ– тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

АЛИ – ауаның ластану индексі

ФКИ – физикалық көлем индексі

ӨКМ – өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері

КВИ – коронавирус инфекциясы

кВ – киловатт

км – километр

м2 – шаршы метр

м3 – метр куб

Мб/сек. – секундынамегабайт

млн. – миллион

млрд. – миллиард

ШОБ – шағын және орта бизнес

ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік

ЕКҚ – ең көп қайталану

АМӘК – алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек

ПС – подстанция

СИ – стандарттық индекс

ЖҚҚ – жеке қорғану құралдары;

ЕЭА – еркін экономикалық аймақ

ТБО – қатты тұрмыстық қалдықтар

ЖШС – жауапкершілігі шағын серіктестік

ЖЭО – жылу электр орталығы

ТЖ – төтенше жағдай

ТЖД – төтенше жағдайлар департаменті

QR-код (англ. Quick Response Code – жылдам әрекет ету коды; қысқаша QR code)

 

 

 

«Nur Otan» партиясы

Шымкент қалалық филиалының

ХL  конференциясының

2020 жылғы «10» қарашадағы

№ 4 қаулысымен бекітілген

«Nur Otan» партиясының

Шымкент қаласы бойынша

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Шымкент, 2020

 

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

 

Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға ие.

Біздің партия әрқашан халықтық партия болып келеді. Біз еліміз бен оның әрбір азаматының тағдыры мен болашағына жауаптымыз. Біз қолжеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеологиямызды жүзеге асыра береміз.

Бүгінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Жағдайдың күрделі екеніне қарамастан біз даму мен өркендеу жолында одан әрі қадам басуға тиіспіз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында осы сайлауалды бағдарламасын жасап отыр.

Бұл құжатымыздың ерекшелігі – тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Бұл жолда біз көздеген мақсатымыз бен арманымызға бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

 

 

 

АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді.

Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. Атап айтқанда:

Халықты әлеуметтік қолдау бойынша:

  • Кірісін уақытша жоғалтқан 285 мыңнан астам азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленді;
  • 49 375 аса мұқтаж отбасыларға «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді;
  • 17 мыңнан астам азаматтың коммуналдық шығыстары өтелді;
  • 28 810 мүгедек жандарға, 4 992 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 4 866 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтпаған жұмыспен қамту шарыларына тартылған 4 000 астам азаматқа әлеуметтік көмек төленді;
  • 24 247 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді;
  • «Шымкент волонтерлар қауымдыстығы» құрылды. 16 300 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді, 350 отбасыға қажетті дәрі дәрмектер жеткізілді, 1 млн астам медициналық бетперде мен антисептик таратылды.

 

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында:

  • «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 236 инвестициялық жобаларды іске асыруға 45,3 млрд теңге бөлінді;
  • 9 014 жұмыс орындары ашылады, нәтижесінде 47 пайызы, яғни 4 222-сі жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жұмысқа жолданады;
  • Мүлік және табыс салықтарынан 26 мың салық төлеушілер босатылды;
  • Құрылыс саласында 80 үйдің құрылысына құнды қағаз есебінен 30 млрд теңге қарастырылды;
  • 156 коммуналдық мекемелердің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылды;
  • Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге 11 жобаға 55 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді;
  • ТЖ кезінде несие бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий қойылды.

Біздің партия алдағы 5 жылда жүзеге асыруды жоспарлап отырған қала тұрғындары үшін алаңдаушылық білдіретін 10 басым бағытты анықтады.

 

 

ҚАЛАНЫҢ ТОП-10 БАСЫМДЫҚТАРЫ:

  1. Тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  2. Әлеуметтік саланы дамыту;
  3. Экономикалық әлеуетті жақсарту;
  4. Шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау;
  5. Шалғайдағы елді мекендерді көркейту;
  6. Экологиялық ахуалды жақсарту;
  7. Жол және көлік инфрақұрылымы;
  8. Қоғамдық қауіпсіздік;
  9. Жастарды қолдау;
  10. Қаланы цифрландыру.

 

  1. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ

Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде 39 мыңнан астам азамат тіркелген. Оның 5 505-сі көп балалы отбасылар болып табылады. 100 мыңнан астам азамат несиелік тұрғын үйге өтініш берген.

БІЗ ЖАҢА БАСПАНАНЫҢ ӘРБІР ОТБАСЫҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫН БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ҚОЛДАЙМЫЗ!

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен:

  • Тұрғын үй құрылысының қарқыны артады;
  • 2021 жылы Шымкент сити шағын ауданында 60 мың тұрғынға заманауи көпқабатты үйлер мен ойын-сауық орталықтары салынады;
  • 5 жылда 3 млн ш.м. баспана немесе 47 мың пәтер салынады:

2021 ж. – 592,3 мың ш.м.

2022 ж. – 602,8 мың ш.м.

2023 ж. – 610,8 мың ш.м.

2024 ж. – 624,1 мың ш.м.

2025 ж. – 632,3 мың ш.м.

Осылайша, 3 мыңға жуық көп балалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топтағы 532 азамат баспанамен қамтылады.

  • 5 жылда 250 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді.

 

  1. ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ

Білім беру

Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салады.

Қаламызда 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77 698 оқушыны құрайды. Оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары болып табылады.

Осыған орай, «Nur Otan» партиясы 3 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді:

Біріншіден,

  • Мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі:

2020 ж. – 13 мектеп;

2021 ж. – 10 мектеп;

2022 ж. – 9 мектеп;

2023 ж. – 10 мектеп.

  • 24 мектеп, 3 интернат, 1 колледж және 13 балабақша күрделі жөндеуден өтеді;
  • 2021 жылы «жан басына қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 400 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданысқа беріледі.

Нәтижесінде 19 үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешіледі.

Екіншіден,

  • Білім сапасын жақсарту мақсатында жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін 30%-ға дейін артуына ықпал етеді;
  • Кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау үшін, орта арнаулы оқу орындарында дуалды оқу жүйесі енгізіліп, шәкірттер озық үлгідегі әдістермен оқытылады;

Үшіншіден,

  • Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2020-2021 оқу жылында мектептерге 15 075 дана компьютер, 18 000 дана партаға қаржы бөлінеді;
  • 30 мектепке турникеттер орнатылады;
  • 17 мектепке спорт алаңдары және 36 мектептер ішкі әжетханалармен қамтылады;
  • Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды материалдық көмекпен 100 пайыз қамтуға жәрдемдеседі (оқушылар үшін: тегін жол жүру, кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету).

Нәтижесінде ҰБТ көрсеткіші – 92 балға, «алтын белгі» иегерлері 700 балаға, грант иелерінің үлесі 70 пайызға дейін жеткізуді жоспарлаймыз.

 

Денсаулық сақтау сапасын күшейтеміз

Пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы мынадай істерді қолға алады:

Біріншіден,

  • Жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді;
  • Қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады (өкпені жасанды винтилляциялау аппараттары, пульсоксиметрлер, КЩС анализаторлары, «Бобров» аппараттары, пациенттің мониторлары, шприцті сорғы, электрокардиографтар, флюорографтар және т.б. сатып алынады);
  • 2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған
    1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі;
  • Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі:

2021 жылы – 2;

2022 жылы – 3;

2024 жылы – 2;

2025 жылы – 3.

  • 2023 жылға дейін қаланың шет аймақтарында 12 дәрігерлік амбулаториялар салынады. Атап айтқанда: Шаңырақ, Тассай, Тәжірибе, Қызылсай, Достық, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жиделі, Қайнарбұлақ, Асар-2, Қызылсу, Бадам-2 шағын аудандарында бой көтереді;
  • 2020-2021 жылдары №1 емхана, №2-ші аурухана, қалалық перзентхана және «Ана мен бала» орталығы күрделі жөндеуден өтеді;
  • 2024 жылға дейін қаладағы 36 медицина мекемесінің материалдық-техникалық базасы жаңартылады.

Екіншіден,

  • Медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын медицина саласындағы кадрлардың 30 пайызын қамтып, Израиль, Германия, Ресей, Литва елдерінің жетекші мамандарымен шеберлік-класстар өткізіледі;
  • Кардиологиялық орталық «Ұлттық ғылыми кардио-хирургиялық орталықтың» басқаруына беріліп, алғаш рет жүрекке трансплантация оталары жасалады;
  • 2021 жылы қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында позитронды-эмиссиондық томография іске қосылады;
  • 2021 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді;
  • 2021-2025 жылдар аралығында қарттардың жағдайын жасау мақсатында 4 «Өмір сапасын ұзарту орталығы» салынады;
  • «Симуляциялық орталығы» қызметі сапалы түрде жүзеге асырылады;
  • Шұғыл медициналық көмек қызметі жаңғыртылып, «кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіледі.

НӘТИЖЕСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 74,6-ДАН 77,4 ЖАСҚА ДЕЙІН ҰЗАРАДЫ.

 

Қала бойынша 37 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Біз ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең әрі қолайлы орта құруға жағдай жасаймыз.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен:

  • 2021-2022 жылдары мүгедектерге арналған «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылады;
  • 2021-2022 жылдары Оңалту орталығын 70 адамнан – 140 адамға дейін қабылдау қамтамасыз етіледі;
  • 2023-2024 жылдары 150 орындық жаңа «Оңалту орталығы» салынып, пайдалануға беріледі;
  • «Оңалту орталықтарында» кәсіби мамандар (реабилитолог, сурдолог, дефектолог, психолог) тапшылығы шешіледі;
  • Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған арнайы түзеу білім беру орталықтарының жұмысы жандандырылады;
  • Балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеп жұмысқа орналастырылады;
  • Мемлекеттік мекемелер, қоғамдық орындар, саябақтар, сауда объектілері мен ойын-сауық орталықтарындағы пандустардың талаптарға сай болуы қамтамасыз етіледі;
  • Барлық аялдамалар мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлығына қарай жабдықталатын болады.

 

Бұқаралық спортты дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз

Ұрпақ саулығы – дене шынықтырудан басталады. Партия алдағы бесжылдықта тұрғындарды бұқаралық спортқа жаппай тартуды мақсат етіп отыр. Қала тұрғындарының 28,6 пайызы жүйелі бұқаралық спортқа тартылған. Халықтың ұдайы көбеюіне байланысты спорт нысандары жетіспейді. Аулаларда бүлдіршіндерді спортқа баулуға жағдай жасаймыз.

 

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының қолдауымен мынадай нақты істер атқарылады:

  • 2023-2024 жылдары спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 4 дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынады;
  • 2021-2022 жылдары 6 стрит-воркаут және 73 спорт алаңдары ашылады (Абай ауданында – 30, Еңбекші ауданында – 6, Қаратау ауданында – 22, Әл-Фараби – 15);
  • 2021 жылы 177 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылады (Абай ауданында – 31, Еңбекші ауданында – 29, Қаратау ауданында – 49, Әл-Фараби – 69);
  • 2022 жылы 137 аула абаттандырылады (Абай ауданында – 25, Еңбекші ауданында – 17, Қаратау ауданында – 39, Әл-Фараби – 56);
  • Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің филиалдары барлық шағын аудандарда ашылады;
  • 2022 жылы Металлургтер стадионы қайта құрудан өтіп, көпсалалы спорттық кешен салынады;
  • 2023 жылы Қажымұқан атындағы орталық стадион қайта құрудан өтеді;
  • Жаңадан ипподром салынып, ұлттық ат спорты түрлерінен мектеп ашылады;
  • Қалада жыл сайын кемінде 300-ге жуық спорт іс-шаралары (велошеру, стрит воркауттан қала чемпионаты, Шығыс жекпе жектері, жауынгерлік өнер фестивалі, футбол, футзал, шағын футбол, күрес, Наурыз мерекесіне арналған спорттық бұқаралық жарыстар) ұйымдастырылып, 45 мың тұрғын қамтылады.

Нәтижесінде қалада денешынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 28,6 пайыздан 33 пайызға дейін жеткіземіз!

 

Мәдениет және туризмді дамыту

2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің Мәдени Астанасы болып атанды. Бұл қаламызға келетін туристер саны еселеп артады деген сөз. Ол үшін қазіргі мәдени нысандарды жаңартып, жаңа нысандарды  салуымыз керек.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен  мынадай істер жүзеге асырылады:

  • Ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайын қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады.
  • 2021-2022 жылдары Амфитеатр бой көтереді;
  • 2023 жылы Зообақ және Дендросаябақ жаңартылады;
  • 2024 жылы Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылады;
  • 2025 жылы Абдел-Азиз баб, Ибрагим ата, Мирали баб, Қарашаш ана, Қызыр мұнарасы, Сайрам (Исфиджаб) қалашығы толық жаңартылады;
  • 2022-2023 жылдары 3 тематикалық саябақ («Гастросаябақ», «Қызғалдақтар», «Дастархан» саябақтары) ашылады;
  • Қалада мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалынады;
  • Этноконфессияаралық ахуалдарды мониторингілеу мен қарама-қайшылықтарды жедел оқшауландырудың тиімді тетіктерін қалыптастырады;
  • Тарихи мұраны, археологиялық ескерткіштерді, архитектураны, мәдениет объектілерін сақтауға бағытталған ғылыми, археологиялық және туристік жобалар іске асырылады.

Нәтижесінде Шымкент қаласының туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени және зиярат ету туризмі әлеуетінің жоғары екендігін көрсетіп, 2025 жылға қарай туристер санын 1 млн-ға жеткіземіз.

 

  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ЖАҚСАРТУ

«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады.

Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз.

 

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының жетекшілігімен  мынадай міндеттер орындалады:

  • 5 жылда аймақта 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады;
  • Жіп иіру фабрикасы «Ютекс» АҚ (бұрынғы «Меланж» АҚ) жұмысы қарқынды жүргізіледі. Нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылады. Бұл өз кезегінде елімізде өңделетін мақта көлемін екі есеге арттырып, 800 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді;
  • 2022 жылы инвестиция көлемі 20 млрд теңге, территориясы 306 гектар «Жұлдыз» индустриялық аймағы іске қосылады;
  • Алдағы 5 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылады. Оған 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылады.

Нәтижесінде осы жобалар іске қосылғанда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

  • 2021 жылы метил-трет бутил эфир және полипропилен өнімін шығаратын 250 жұмыс орнымен «Шымкенттік химия компаниясы» ЖШС-і ашылады;
  • 2020-2021 жылдары 250 жұмыс орнымен металлургия зауыты («Амир-А» ЖШС-і) іске қосылады;
  • 2021-2022 жылдары ферросиликомарганец өндірісі бойынша 150 жұмыс орнымен «Қытай – Қазақстандық «Марганец Индустриалдық Группа» ЖШС-і жұмысын бастайды;
  • 2021 жылы тоқыма иірім жіп өндірісі бойынша 200 жұмыс орнымен «AZALA Cotton» ЖШС-і ашылады;
  • 2021-2022 жылдары полипропилен жіп өндірісі бойынша 150 жұмыс орнымен «Назар Текстиль» ЖШС-і іске қосылады;
  • «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының әлеуеті артады. Аймақта жалпы инвестиция көлемі 58 млрд теңгеге 23 кәсіпорын іске қосылып, 1 700 астам жұмыс орындары ашылады;
  • 2023 жылы аумағы 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құрылады. Онда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін
    20 жоба жүзеге асады. 40 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады;
  • Алдағы 5 жылда қосымша 89 гектар аумаққа (жылына шамамен 15-20 гектарға) өндірістік жылыжай салынып, жалпы көлемі 276,7 гектарға дейін ұлғаяды;
  • Аумағы 92 га құрайтын көлік-логистикалық аймақ құру бойынша жұмыс атқарылады. Онда көлемі 200 мың ш.м. тоңазытқыш пен мұздатқыш камералары іске қосылып, 2023 жылы толық қуатына шығады;
  • Өндірістік жылыжай, қарқынды бау, мал бордақылау, мал және құc етін өңдеу бойынша 42 инвестициялық жоба жүзеге асырылады:

2021 ж. – 8,

2022 ж. – 9,

2023 ж. – 9,

2024 ж. – 8,

2025 ж. – 8.

Бұл өз кезегінде 1 000 астам адамды жұмыспен қамтып, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік туғызады.

Нәтижесінде қалада әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімінің бағасына инфляция үдерісін 6-8% аралығында ұстап тұруға мүмкіндік болады.

 

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді.

Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31 пайызды құрайды, бұл әлі де аз.

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осыған ұмтылуымыз қажет.

Осы мақсатқа жету үшін «Nur Otan» партиясының бастамасымен:

  • Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Мен кәсіпкер боламын» атты өңірлік іс-шара іске асырылады;
  • Алдағы 5 жылда 100-ден астам жастар мен әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі;

ЖЫЛ САЙЫН 20 АДАМ!

  • «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 5 жылда 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі.

ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 100 ЖОБА!

  • «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 5 ЖЫЛДА 300 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ қолдау көрсетіледі.

ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 60 ЖОБА!

  • Кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруіне қоғамдық бақылау күшейтіледі;
  • Әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін «Бір терезе» қағидасы бойынша «Бизнеске арналған Үкімет» жобасы іске асырылады.

Нәтижесінде осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 159,4 мың адамға дейін артатын болады.

  1. ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, ӘСІРЕСЕ, ШЕТКІ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛЫҚТАЙ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.

Қаланың солтүстік бөлігіндегі жаңа шағын аудандарды дамытуға магистралды ауыз су құбырларының қуаты жетіспейді.

Бұл мәселені шешу үшін 4 магистралды құбыр салу қажет.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда:

  • Ауызсуды кесте бойынша алатын 25 мың тұрғыны бар 5 елді мекеннің және суды тасып ішетін 42 мың тұрғыны бар 6 елді мекен мәселесін толық шешуге ықпал етеді;
  • 2021-2022 жылдары қалаға жетіспейтін 3 және 2022-2025 жылдары 8 магистралдық су құбыры салынады;

НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ ТАЗА ӘРІ САПАЛЫ АУЫЗ СУДЫ ТҰТЫНАДЫ!

 

Кәріз жүйесін жақсартамыз

Қаланың орталығы кәріз жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Ал қаланың шетіндегі 81 елді мекеннің 18-інде ғана кәріз құбырлары бар. Қала бойынша көрсеткіш – 49,1 пайыз. Алдағы уақытта 63 елді мекенді кәріз жүйесіне қосу қажет.

Қалада жалғыз шайынды су тазарту кешені бар. Оның қуаттылығы – 150 мың текше метр, ал нақты қажеттілік – 360 мың текше метрге жетеді. Барлық елді мекендерді кәрізге қосуға қуат жетпейді.

Осы мақсатта алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді:

  • 84,4 шақырым кәріз жүйесінің салынуына атсалысады. Атап айтқанда:

2021 ж. – 16 шқ,

2022 ж. – 17 шқ,

2023 ж. – 15 шқ,

2024 ж. – 15 шқ,

2025 ж.–21,4 шқ.

  • Тәулігіне қуаты 50 мың текше метрлік және 20 мың текше метрлік 2 тазарту қондырғысының құрылысы 2022-2023 жылдары кезең-кезеңімен жүргізіледі;
  • 2021 жылы 100 мыңнан астам халқы бар 7 елді мекенді қамтитын Арғынбеков – Жібек жолы магистралды кәріз жүйесінің құрылысы аяқталады.

Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60 пайызға жетіп, 630 мың адам кәріз жүйесімен қамтылады!

   

Газбен қамтамасыз етеміз

Қолданыстағы екі АРГС-тің қуаты қаланың дамуына толық жетпейді (оның қуаты 180 мың текше метр, ал нақты қажеттілік 250 мың текше метр). Халық саны 81 мың адамды құрайтын 9 елді мекен газға қосылмаған.

Осы мақсатта алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді:

  • Қуаты сағатына 250 мың текше метрді құрайтын №3-ші АГРС құрылысын жүргізуге, ал 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала аумағы толық газбен қамтылады.

 

Сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеміз

Қаладағы 81 елді мекеннің 29-нда электр жүйелерінің сапасы төмен, қосымша құрылыс қажет етеді. Әсіресе, қаланың солтүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспейді.

Сондықтан алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы мынадай істердің жүзеге асуына ықпал етеді:

  • Қуаты 220 мВт құрайтын Бозарық қосалқы станциясы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі;
  • 2021 жылы екі қосалқы станция (қуаты 110 мВт «Ақжар» және «1-М-1») іске қосылады;
  • 2021-2022 жылы «Ынтымақ» қосалқы станциясы іске қосылады;
  • 2022-2025 жылдары 2 қосалқы станция («Оңтүстік», «Қызылсу») іске қосылып, 430 мың адамға сапалы электр қуатын беруге мүмкіндік болады.

Нәтижесінде 5 жылда 5 қосалқы станция іске қосылып, электр қуатымен қамту 180 мвт-тан 350 МВт-қа артады. 2025 жылы қала тұрғындары сапалы электр энергиясымен толық қамтылады.

 

  1. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ

Қала таулы, климаты жұмсақ әрі қолайлы, өсімдіктің алуан түрі кездесетін географиялық аумақта сәтті орналасқан.

Қаланың экологиялық ахуалға теріс ықпалын азайту үшін «Жасыл қала» мәртебесін нақты іспен көрсетеміз.

Ол үшін «Nur Otan» партиясы мынадай міндеттерді орындауды мақсат етеді:

  • 2020-2021 жылдары жаңадан 3 саябақтың құрылысы жүргізіледі. Әкімшілік-іскерлік орталығының маңы, №1 автожол бойында және Қасірет мемориалының жаны;
  • 2021 жылы қаланың орталық көшелерінің бойына, қоғамдық орындарға егілетін сәндік гүлдер, декоративті ағаш көшеттерін дайындайтын 200 гектар тұқымбақ ашылады;
  • Жыл сайын 200 мың ағаш көшеті отырғызылып, жасыл желекке айналуына бақылау жасайды;
  • 2023 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде 13 мың гектар жерге жасыл белдеу құрылады, онда 6,5 млн түп алуан түрлі көшет отырғызылады;
  • 1 474 қоқыс контейнерлері жаңартылады;
  • Қатты тұрмыстық қалдықты өңдеу зауытында қоқысты қайта өңдеу және жою үлесін 35 пайызға дейін жеткізуді қадағалайды.

 

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан жолдардың сапалы әрі талапқа сай болуы – орнықты әрі табысты дамудың кепілі.

«Nur Otan» партиясының мақсаты – жолдардың, қоғамдық көліктің сапасын жақсарту, әуе және темір жол жолаушыларына ыңғайлы жағдай жасау

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бақылауымен алдағы 5 жылда мынадай істер қолға алынады:

  • 2020 жылы 65 көшеде және 2 көпірде күрделі, 227 көшеде орташа жөндеу жүргізіледі;
  • 2021 жылы қаладағы топырақ жолдарға толығымен тас төселінеді;
  • 2022 жылы 13 магистралды жол қайта құрылады;
  • 2021-2025 жылдары 2 үлкен жолайырықтың (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би – Арғынбеков) және 4 көпірдің (2020 ж. – 3, 2021 ж. – 1) құрылысы жүріп, іске қосылады;
  • 2021 жылы №1 автожол, Әл-Фараби көшесінің жалғасы, ал 2022 жылы Адырбеков көшесі қайта құрудан өтеді;
  • 2023 жылы Ташкент-Алматы бағытында көлікті өткізу қабілеттілігін арттыру үшін Қонаев даңғылының жалғасы салынады;
  • 2023-2024 жылдары қаланың транзиттік айналма жолдарын толығымен шеңберлеу үшін А-2 айналма жолының құрылысы аяқталады;
  • 2020 жылы қоғамдық көлік саласында автобустар толығымен жаңартылып, 590 жаңа автобус алынады;
  • 2020 жылдың соңына дейін қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізіледі;
  • 2020-2021 жылдар аралығында жаңа әуежай терминалы салынады;
  • 2020-2021 жылдары аралығында темір жол вокзалы қайта құрудан өтеді;
  • 2021 жылы «Shymkent-bike» жүйесі жандандырылады.
  1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Шымкент – жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл қаланы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдары жарықтандыруды қажет етеді. Қазіргі таңда 25 мектептің дәретханалары сыртта орналасқан.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей жұмыстарды атқарады:

  • 2021-2023 жылдары онлайн-режимде жұмыс жасайтын 2000 бейнебақылау камерасы іске қосылады;
  • 2020 жылы 133 мектепте ішкі бейнебақылау камералары орнатылады;
  • Жол қозғалысын реттейтін – 1000, қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын 500 камера орнатылады;
  • 2020-2021 жылдары 25 мектептің дәретханалары мектеп ғимаратының ішіне орналастырылады;
  • 2020-2021 жылдары қаладағы 4 аудандық полиция басқармасының жанынан «Бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашылады.

Нәтижесінде қаладағы барлық көшелер мен аулалар жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылады.

 

  1. ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада
264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғастырады.

Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда төмендегідей істер жүзеге асырылады:

  • 2019-2021 жылдары өз ісін бастаймын деген жастарға жыл сайын «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4 500 жасты оқытып, кемінде 2 000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлуін қамтамасыз етеді;
  • «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде
    100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға жағдай жасайды;
  • 15 мыңға жуық жастарды жастар практикасына бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік береді;
  • Жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер беріледі;
  • 2021-2022 жылдары студенттерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 2 500 орындық жатақхана салынады.
  • Волонтерлік ұйымдарды қолдау мақсатында, үздік 10 жобаға 1 миллион теңгеден грант бөлінеді;
  • Арнайы Коворкинг орталығы ашылады;
  • Көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылады.

ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, БАСПАНА, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ БОЛАДЫ.

 

  1. ҚАЛАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – ортақ мүддеміз.

Ортақ мүдде біріктірген отаншыл азаматтардың белсенділігі – қаланың табысты дамуының кепілі. Біз бұл мақсаттарға «Ақылды қала» жобасын іске асыру арқылы қол жеткіземіз.

Біз мемлекеттік органдар мен қала тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыруымыз қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары – ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс.

Осыған байланысты алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы екі бағытта жұмыс жасайтын болады:

Біріншіден,

  • 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылады;
  • 2020 жылы Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын қызметтердің 90% автоматтандырылып, 2025 жылы көрсеткіш 95%-ға жеткізіледі;
  • Қала сауда объектілерінің 65 пайызы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшіріледі;
  • Жергілікті мәслихат пен Қоғамдық кеңес отырыстарында қала дамуының өзекті мәселелері қаралады;
  • Қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде жергілікті қоғамдастықтың барынша назары аударылады;
  • Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті іске қосылады.

Екіншіден,

  • Шымкент қаласы «Ақылды қалалардың» жаһандық рейтингіне енген қалалардың біріне айналады;
  • «Мектептерде бейнебақылау камераларын орнату», «T-hunter» мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың автоматтандырылған жүйесі мүмкіндігін кеңейту жобалары іске асады;
  • «103 – жедел медициналық қызметін жаңғырту» және «Кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу» жобалары іске асады.
  • Әлеуметтік нысандарға IT элеметтерін енгізу», «Ақылды квартал», «Ақылды көшені жарықтандыру», «Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды диспетчерлендіру» жобалары іске асады;
  • «Жер саласындағы сұранысқа ие мемлекеттік қызметті автоматтандыру», «Қаланың ситуациялық орталығын қосу» және «109» мониторинг және жедел ден қою қызметін енгізу» бағдарламалары іске асады;
  • «Қоғамдық көліктерде электрондық билет беру жүйесін енгізу» және «Ақылды тұрақ» жобалары іске асады;
  • «112» бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметін енгізу», «Жол қозғалысын және жалпы бақылау камералары санын ұлғайту» жобалары іске асады;
  • «Бірыңғай әлеуметтік ID-картаны енгізу» жобасы жүзеге асады.

 

 

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

 

«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

Біздің жерлестеріміздің көпшілігі «Nur Otan» партиясына сенеді.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қойған маңызды мемлекеттік міндеттерін іске асыра отырып, республикамыздың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етеміз.

Біз әрқашан біргеміз!

Разработка сайтов