13.06.2018 жылы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қала әкімі Н.Сауранбаевтың және қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров бастаған бір топ облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының және ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағындағы «Африка» аймағының салтанатты ашылуы және Қошқар-ата жағалауының толық жобасы таныстырылды.
Зообақ директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Н.Бұхарбаев шақырылған қонақтарға Зообақтағы түрлі Экзотикалық жануарларды көрсетіп, істелініп жатқан көптеген құрылыс жұмыстарымен таныстырды.
Облыс әкімі Ж.Түймебаев зообақтағы «Африка» аумағының ашылуыме құттықтап, Шымкент қаласынан бас қаламыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына, Астана қаласында жаңадан салынып жатқан зообағына 20 түрлі аң мен құсты сыйға тартатынын мәлімдеді.