Сессия отырысында күн тәртібіндегі он алты мәселе қаралды. Депутат Қозбахов Шыңғыс төрағалық еткен мәжіліске қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты. Сессияда қала депутаттары мен әкімдік мүшелері, тиісті әкімдіктің басқарма басшылары, аумақтық орган басшылары, баяндама жасады.
Сессия отырысында бір қатар мәселелер қолдау тауып, қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, 2021-2023 жылға арналған қала бюджеті 448 млрд. теңге болып нақтыланды. Бұл қаржының басым көпшілігі шеткі шағын аудандардың инженерлік-инфрақұрылымын салуға, халықты тұрғын үймен қамтуға және денсаулық сақтау саласының материалдық базасын нығайтуға бағытталатын болады.
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрайымы болып Альбина Елшиева тағайындалды.
Сессия соңында қала әкімі Мұрат Әйтеновке сөз беріліп, сессияда талқыланған мәселелер қортындыланды
18.03.2021
ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ