Кезекті алтыншы сессияны сессия төрайымы А.Елшиева ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген мәселені талқылады.
Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Сессия отырысына қала әкімі М.Әйтенов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алтыншы сессиясында 13 мәселе қаралып, шешім қабылданды.
Олар:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2020 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері;
2. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы;
4. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына өзгеріс енгізу туралы;
5. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының есебі;
6. Қала тұрғындарын баспанамен қамту шаралары туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының есебі.
7. Шымкент қаласы әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
8. Шымкент қаласының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
9. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы инвесторлар кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
10. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы»;
11. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы;
12. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы
13. Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Сессия отырысында қаралған мәселелер бір ауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия соңында қортынды сөз алған қала әкімі
М. Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Биыл жыл басынан бері қаланың негізгі көрсеткіштерінде оң өсім барын айтып, жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі
Фото – Бақыт Құдайберген