Кезектен тыс бесінші сессияны сессия төрайымы А.Елшиева ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген мәселені талқылады.
Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында сегіз мәселе қаралып, шешім қабылданды.
Олар:
1. Шымкент қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
2. «Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
4. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
5. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/335-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
7. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы»Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі №48/402-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8. «Шымкент қаласындағы Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/392-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия отырысында қаралған мәселелер бір ауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия соңында қортынды сөз алған қала әкімі М. Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қала үшін қабылданатын маңызды шешімдер тек депутаттар мен қала тұрғындарының қатысуымен ғана жүзеге асатынын атап өтті.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі
Фото – Бақыт Құдайберген