Кезектен тыс төртінші сессияны сессия төрайымы А.Елшиева ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген мәселені талқылады.
Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді.
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясында екі мәселе қаралып, шешім қабылданды.
1.Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімін тағайындауға келісім беру туралы.
2.Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімі М.Әйтенов сөз алып, Әл-Фараби ауданы әкімі лауазымына Р. Мыңбевтың кандитатурасын тағайындауға келісім беру туралы ұсынысын айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Мәуленқұлов қорытынды жасады.
Сессия отырысында қаралған мәселелер бір ауыздан қолдау тауып, қала әкімі М. Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында індеттің таралуына байланысты қаланың сары аймаққа өткені хабарланды. Алдағы уақытта қала тұрғындарының эпидемиологиялық жағдайға дайын болуын ескертті. Қала әкімі сессия соңында депутаттарға қолдау білдіргені үшін алғысын айтып, сессияны қорытындылады.