Тұрақты комиссия отырысын комиссия төрағасы – Исабеков Данабек Ержанұлы ашып, күн тәртібіне ұсынылған төрт мәселені талқылады.
Олар:
1. Шымкент қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы;
2. Шымкент қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы;
3. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы;
4. «Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жиынға қала әкімдігінің тиісті басқарма басшылары қатысып, аталған мәселелер бойынша басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалып тиісті сауалдар қойылды. Өз кезегінде депутаттар тиісті сала басшыларымен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша шешім жобасын бірлескен тұрақты комиссия қарауына ұсынды.