19.11.2021
«ВОЛОНТЕР» ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ КИНОФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Nur Otan партиясының қолдауымен, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсау кесер көрсетілімі өтті.
Салтанатты шараға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының волонтерлік топтарының белсенді жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кино көрсетілім соңында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы құттықтау сөз алып, жастарға еріктілік жолында сәттілік тіледі.




