2018 жылдың 6 сәуірінде Шымкент қалалық мәслиxатының Депутаттық өкілеттік, этика әкімшіліктік – аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2018 жылғы жоспарына сәйкес, Псиxология ғылымдарының докторы, бизнес – жаттықтырушы және консультациялық псиxолог, кәсіби псиxологиялық деңгейдегі ресми xалықаралық оқытушысы, Астана қаласы «Псигологиялық инновация және консалтинг институтының» директоры Аяпбергенова Гүлмира Болатқызының қатысуымен «Депутаттық этика» тақырыбында семинар – тренингі өтті. Тренинг барысында мәслиxат депутаттары пайдалы кеңестер алды. Колданыстағы заңдылықтар шеңберінде депутаттық этикасы, имиджі туралы мағлұматтар алды.
Семинардың қорытындысы бойынша Депутаттық өкілеттік, этика – әкімшіліктік аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ғани Абдуғаниұлы Ташқараевқа алғыс білдірді.
Мәнді, мағыналы, пайдалы семинар екенін барлық депутаттар бір ауыздан атап өтті.
Алдағы уақыттада осындай семинарлардың болып тұруына барлық жиналғандар келісті.
06.04.2018
Тренинг