25.05.2022
ТЕАТРДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДI
Шымкент қаласындағы Орыс драма театрында республикалық референдумды ұйымдастыру және ел тұрғындарын жалпыхалықтық іс-шараға қатысуға шақыру мақсатында кездесу өтті. Аталған жиынға қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен театр ұжымы қатысты.
«Бұл референдум ел тарихынан ерекше орын алғалы тұр. Себебі демократиялық елдің тірегі – теңқұқықты қоғам. Сондықтан «Жаңа Қазақстанның» құрылуына атсалысқысы келетін және ел мүддесін өз мүддесінен биік қоятын әр азамат осынау референдумға қатысуы қажет» – деді кездесуде сөз алған мәслихат хатшысы.
Айта кетейік, бүгінде республика бойынша референдумға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі


