24.01.2018ж. Шымкент қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
Мәжілісті Шымкент қалалық мәслихат хатшысы – Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров ашып, алдағы уақыттағы қойылған мақсаттарымен таныстырып, келесі сөз кезегін комиссия төрағасы Құрманбекова Гүлнар Мамытқызына ұсынды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды
- Тұрақты комиссияның 2017 жылы атқарған қызметтері туралы есебінің жобасы.
- Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Тұрақты комиссия мүшелерінің тұрақты комиссия мәжілістеріне және сессияға қатысулары туралы.
- Тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдары көрсеткіштері.
Бірінші мәселе бойынша Тұрақты комиссияның 2017 жылы атқарған қызметтері туралы есебінің жобасы дайындалып сессияға дейін тағы да қосымша мәліметтермен толықтырылатын болды.
Екінші мәселе бойынша тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары отырыс барысында қаралып, талқыланып, төрт тоқсан ішінде ауқымды жұмыс жасауға мақсат қойды.
Үшінші мәселе бойынша 2017 жылы тұрақты комиссия және сессия мәжілістеріне қатысу көрсеткіштерімен таныстырып, алдағы уақытта мәслихат мәжілістеріне қатысып белсендік танытуға шақырды.
Төртінші мәселе бойынша тұрақты комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдары бойынша дайындалған талдау көрсеткіштерімен танысып, алдағы уақытта депутаттар мәслихат аппараты арқылы ғана емес, өз тараптарынан қалалық әкімшілікке және құзырлы органдарға жолдаған сауалдарды да осы талдау көрсеткіштеріне енгізуді ұсынды.