Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он алтыншы сессия алдындағы бірлескен тұрақты комиссиялар мәжілісі өтті. Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп, күн тәртібіндегі 14 мәселені қарады.
Олар:
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы;
- Шымкент қаласын көгалдандыру жұмыстары және экологиялық мәселелерді реттеу шаралары туралы;
- «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Шымкент қаласы инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
- Шымкент қаласында бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
- «Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/382-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Шымкент қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» 2021 жылғы 1 сәуірдегі №4/31-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/294-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/282-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласының Экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы №45/358-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы №3/23-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Бірлескен мәжілісте басқарма басшылары баяндама жасады. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар жолдап, тиісті шешімдер қабылдап шешім жобалары кезекті он алтыншы сессияға ұсынылды.
Ал бірінші мәселе, яғни мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселесі бойынша арнайы құрылған уақытша комиссия зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын ескере отырып, аталған мәселені келесі сессияда қарауды бір ауыздан келісті.
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы 2022 жылдың 20 мамыр, сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтеді.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі