Инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту мен құрылыс және аумақты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді. Бірлескен тұрақты комиссия отырысын – Төлегенов Ноян Назарұлы Төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 4 мәселені қарады.
Олар:
1. Тұрғындарды баспанамен қамту шаралары туралы;
2. Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
3. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Жиынға қала әкімдігінің тиісті басқарма басшылары қатысып, аталған мәселелер бойынша басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалып тиісті сауалдар қойылды. Өз кезегінде депутаттар тиісті сала басшыларымен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жоғарыда көрсетілген төртінші мәселе бойынша қосымша толыққанды пысықтау керектігін алға тартып, қалған мәселелер бойынша шешім жобасын бірлескен тұрақты комиссия қарауына ұсынды.