Бүгін Шымкент қаласы маслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен тұрақты комиссия төрағалары қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген қала тұрғыны «Чернобыль Ардагер Одағының» төрағасы Нақыбаев Сейфуллин,
ағымдағы жылы 26 сәуірде «Чернобыль» апатына 35 жыл толуына орай, еске алу іс-шара өткізуге атсалысу туралы бірқатар ұсынысын білдірді. Атап айтсақ жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында мектеп, колледж, университет студенттерімен кездесу іс-шараларын өткізуге және «Чернобыль Ардагерлер Одағы» жылына бір рет берілетін 36 МРП жәрдемақыны берілуін алға тартты. Атаулы Чернобыль оқиғасы 1986-1987 жылдары болған, 1986-1989 деп өзгерту туралы ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар өз кезегінде қаламыздың тұрғыны Рысбай Асанұлы мен Айтбаев Анарбек Жақсылықұлы сөз алып, Абай ауданы тиесілі «Тұрлан м/а», Ынтымақ, Жиделі ш/а жер учаскесіне заңсыз құрылыс жүріп жатқаны туралы және Қазиев көшесіндегі аялдама мәселесін тілге тиек етті.
Кезекті қоғамдық қабылдау барысында Бахадыр Мәдәліұлы тұрғындардың талап өтініштерін тыңдап, жоғарыда айтылған мәселелер бойынша орындалуын жіті бақылауға алатынын жеткізді.