9 желтоқсан күні Шымкент қаласы мәслихатының Экономикалық даму мәселелері және Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Бірқатар басқарма басшылары қатысқан жиында күн тәртібіне жиырма сегіз мәселе қойылды. Яғни, 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту, Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы, көлік жүйесін жандандыру, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, шағын аудандар мен көшелеріне атау беру, мемлекеттік заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ, бірқатар басқармалардың есебін тыңдау да тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне енді.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған Шымкент қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы 2021-2023 жылғы қала бюджетінің көлемін жалпы 261 млрд 285,8 млн теңге құрағанын атап өтті. Сондай-ақ, кірістермен шығыстарға жеке-жеке тоқталған басқарма басшысынан мәслихат депутаттары салаға бөлінген қаражаттардың бағытын нақтылап сұрады. Сонымен қатар, халық қалаулылары қалада атқарылып жатқан жұмыстардың біршама кемшіліктерін атап, бірқатар ұсыныстарын айтты. Ал, күн тәртібіне қойылған өзге мәселелер бір ауыздан қолдау тапты.
Осылайша, талқыланған мәселелер мақұлданып, шешімі кезекті жетпіс екінші сессиясының отырысында қаралатын болды.