Шымкент қаласы № 1 сайлау округінің депутаты Султанова Төреайым Жолдыбайқызы өз сайлаушыларымен кездесті.
Кездесу 2019 жылдың 26 ақпанында Шымкент қаласы Ахмет Байтұрсынов көшесінде орналасқан Т. Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназияда өтті. Жиында халық қалаулысы 2018 жылы атқарған жұмысын қорытындылап,тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
2018 жылы халық қалаулысы сайлаушыларымен 13 кездесу өткізіп, 17 мәселе жергілікті атқарушы орган өкілдерілдерінің қатысуымен оң шешімін тапты.
«Ардагерлерді аялайық» жобасы аясында 2018 жылдың мамыр айында, Жеңіс күніне орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының ҰОС ардагерлерімен кездесіп, бірқатар сыйлықтарын табыстады.
Облыстық «Бақытты балалық шақ», «Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет», «Мәдени мұра – ұлттың құндылығы» қайырылымдық іс-шараларға қатысып, қасиетті Рамазан айында Әл-Фараби ауданы бойынша аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсетіп, 24 отбасы азық-түлікпен қамтылды.
2018 оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы бойынша Әл-Фараби ауданындағы №1 А.С. Пушкин, №77 А.Асқаров атындағы, №62 Н.Төреқұлов атындағы және №75 мектеп оқушыларына, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасындағы оқушыларға киім-кешек, оқу құрал-жабдықтарын әперді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Ай-Нұры» медициналық орталығында кездесу өткізді.