2017 жылдың 12 қазанында Шымкент қаласының мәслихат хатшысының бастауымен ұстаздар күні мерекесі қарсаңында ұстаздар қауымымен кездесу өткізіліп мерекелік іс – шара орын алды.
Жиынға қалалық мәслихат аппаратының, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Жиын барысында Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров қаламыздағы білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын, қалалық бюджеттен білім саласына 44 миллиард тенге бөлінгенін, ағымдағы жөндеу жұмыстардың барлығы бюджет қаржысына жүргізіліп жатқандығын, сонымен қатар мәслихат депутаттарының бастауымен барлық мектептерді қоршау мәселесіне де толығымен қаржы қаралғанын атап өтті.
Мәслихат хатшысы ұстаздардың ұрпақтарымызға, әлеуметімізге тәрбиелері, үлгілері, білімдері аса зор септігін тигізетіні туралы айтып, төл-мерекелерімен құттықтап, қаламыздағы білім деңгейінің көтерілуіне атсалысып, қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене қатысып жүрген білім саласының төмендегі бірнеше қызметкерлерін Шымкент қалалық мәслихатынын «Алғыс хаттарымен» марапаттады:
Сағындықова Кенжегул Ақтоқтықызы
Сауырбаева Ұлжалғас Мырзақасымқызы
Атайбекова Қарлығаш Ергебекқызы
Абылаев Нұрдаулет Құрманғазыұлы
Сабирова Луиза Иляшевна
Каппарова Айгүл Серғалықызы
Маликова Алима Амангелдіқызы
Орынбеков Арман Шымбайұлы
Абылова Айжан Кендірқұлқызы
Шорахмет Әсет Жарылқадыұлы
Досжанов Қасымхан Ерланұлы
Тотаева Дамира Қансейітқызы
Аманқұлова Зауре Дүйсенбекқызы
Тастанова Роза Қабылбекқызы
Ширманова Жанар Томанқызы
Камалов Кәрімжан Назымұлы
Мадосманов Фахриддин