Шымкент қаласында 20-21 мамыр аралығында бірнеше спорт түрлерінен мемлекеттік қызметшілер мен маслихат депутаттары арасында спартакиада өтті.
Аталған спартакиадаға Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары үстел теннисі және волейбол спорт түрлері бойынша қатысты.
Спартакиадаға келген спортшылардың барлығы тыңғылықты дайындалып келгендігі байқалып, жарыс өте тартысты өтті.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары да жақсы дайындықпен келгендігін байқатып, тек қана жарысқа қатысып қана қоймай, волейбол спорт түрінен болған жарыста «Маслихат» командасы барлық қарсыластарын ойсырата жеңіп, бірінші орынды иеленді.
Сонымен қатар, үстел теннисі жарысына қатысқан қалалық мәслихат депутаты Ғани Молдабекұлы Ахметбаев қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермей барлығын жеңіп, жарыс қорытындысы бойынша аталған спорт түрінен жарыс жеңімпазы атанды.
Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары қалалық, облыстық деңгейде өткізіліп жүрген спорттық іс-шаралардың барлығына қатысып, белсенділік танытып, жеңімпаз атанып қана қоймай, қаламызда салауатты өмір салтын ұстануға, қала тұрғындарын спортқа баулуға көп көңіл бөліп келеді.
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы кубокпен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Қалалық мәслихат аппараты