05.10.2018
Шымкентте ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтті
2018 жылдың 5 қазан күні Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтті.
Сайлауға қатысқан Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары үміткер ретінде тіркелген 6 кандидаттың арасынан өз таңдауын жасады.
Сайлау қорытындысы бойынша Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 21 дауыспен, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров 22 дауыспен жеңіске жетті.