Бүгін Ермек Дәрменовтың төрағалығымен алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпісінші сессиясы өтті. Жиында сессия күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды.
Атап айтсақ, «Шымкент қаласы 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы шешіміне өзгерістер енгізу туралы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы. Сонымен қатар, Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» мәслихатының 2019 жылғы шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер көтерілді.
Жиында Шымкент қаласының тұрақты дамуының тұжырымдамалық бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс айтылып, қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкемановтың баяндамасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Shymkent Bike» автоматтандырылған қалалық велопрокат жүйесін пайдалану» жобасы бойынша құны 176,9 млн.теңгеге мемлекеттік міндеттеме алу және «Шымкент қаласы әкімшілік –іскерлік орталығында 150 орынға арналған Өнер мектебінің құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік -жекешілік әріптестік жобасы бойынша қаралған 67млн 604 мың теңгені қысқарту ұсынылып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Одан бөлек мәжілісте Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» мәслихатының 2019 жылғы шешіміне өзгерістер енгізіліп, кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңестің құрамына Шымкент қаласының бас имамы Әбдірахманов Бақдаулет Нұрматұлы, зейнеткер Әлібеков Жанзақ Ақбергенұлы, Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта мектебінің директоры Жиенова Шадия Касымқызы, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналық кәсіпорынның бас дәрігері Кенжебаева Мадина Үмбетқызы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Көмекбаев Али Амантайұлы, «Ауғаныстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағының» төрағасы Майханов Ғалымжан Тастанұлы кірді.
Сессия отырысы қала аумағында карантин мерзімінің ұзаруына байланысты шектеу шараларын сақтау мақсатында қашықтан өтті.Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, тұрақты комиссия төрағалары мен әкімдік өкілдері қатысты. Сонымен қатар, мәжіліс мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес алғаш рет тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Тікелей эфирді қала тұрғындары Шымкент қаласы мәслихатының ресми сайты арқылы көруге мүмкіндік алды. Аталған мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссия отырысында және «Nur Otan» партиясының мәслихаттағы депутаттық фракциясында егжей-тегжейлі талқыланып, шешім қабылданды.