06.03.2019
Шымкентте ардагерлер мен көпбалалы аналар ақысыз ем алады
«Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы филиалы «Жас – Ай» медициналық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы келісімді бекітті. Меморандумға «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов «Жас-ай» Халықаралық үздік клиникасының бас директоры Жасан Зекейұлы қол қойды. Игі бастамаға мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай қатысты.
Бұл құжат адамдардың өмір сапасын жақсартуда өзара қолдау мен ынтымақтастықты қамтамасыз етуді көздейді. Екіжақты меморандум аясында партия филиалының жолдамасымен аз қамтылған отбасы мүшесі және бір ардагер айына бір рет медицина орталығында тегін ем қабылдай алады