Еліміздің үшінші миллионыншы қаласында алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы өтті. Кеңеске қала әкімі Ерлан Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн туралы бес сұрақ болды. Қала басшысы Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының Қаратау ауданының жаңа әкімін тағайындауды ұсынды. Ауданның бұрынғы әкімі Исамидин Мұхитдинұлы Кантореев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы өтініш білдірді. Президент Әкімшілігінің басшылығы осы өтінішпен келісті. Исамидин Мұхитдинұлы қызметінен босатылды. ҚР Конституциясының 87 бабына сәйкес Қаратау ауданының әкімі лауазымына Аликулов Абзал Шымкентбайұлы кондидатур ұсынылды. Бұған дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.