2019 жылғы 30 Шілдеде алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті, елу үшінші сессиясы өтті. Сессияға депутат Данияр Үсенов төрағалық етті. Мәслихат отырысында»Шымкент қаласының әкімін тағайындауға келісім беру туралы «бір мәселе қаралды.
Сессияда қаланың жаңа әкімі тағайындалды. Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев қатысты. Ол Шымкент қаласының жаңа әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Шымкентке арнайы келдім. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қала мәслихаттарының келісімімен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік мәселелерге, халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Енді біз осы бағытта бірігуіміз керек. Өздеріңіз білетіндей, Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент бірқатар тапсырмалар берді. Шымкент қаласы жаңартылып, жаңартылуы тиіс. Жаңа әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бар күшін салады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Қырымбек Елеуұлы.
Жаңа қала басшысы салтанатты түрде ант беріп, қаланы дамыту үшін барлық күш-жігерді жұмсайтынына уәде берді.