11 желтоқсан күні алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жетпіс екінші сессиясы өтті. Депутат Дәрменов Ермек Аманжолұлының төрағалығымен өткен мәжілісте күн тәртібінде жиырма сегіз мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2021-2023 жылғы қаланың қаржылық құжаты талқыланды. Бюджет жобасы даму бағытының негізінен экономиканың өсуіне серпін беретін жобаларға басымдық беріліп, әлеуметтік салаға,әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, жол құрылысына, денсаулық саласына бағытталды.
Сондай-ақ, сессия отырысында Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысын баяндады. Бес бағыттан, яғни экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстарынан тұратын даму бағдарламасының мақсаттары мен бюджеттернің көрсеткіштеріне қол жеткізу блогы бойынша Шымкент қаласы өңірлер бойынша жақсы көрсеткіштерге ие болды.
Даму бағдарламасының негізгі мақсаты- қала экономикасын қарқынды дамытып, қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау болып табылады.
Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітіліп, қаланың көлік жүйесін жандандыру аясында халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды ұйымдастыру жағдайы мен шаралары қабылданып, қолдау тапты.
Кадрлық өзгерістерге байланысты «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия дербес құрамы туралы», «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімдеріне және бірқатар саланың дербес комиссиясы құрамдарына да өзгерістер енгізілді.
Одан бөлек мәжілісте ауыл шаруашылығы және ветеринария, құрылыс және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармаларының есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдер мен медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін Шымкент қаласының тұрақты тұрғындарына елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүру бойынша шешім қабылданды.
Жиын соңында мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндап, 2021 жылға арналған мәслихаттың және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасымен таныстырды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрайымы болып депутат Гүлнар Мамытқызы Құрманбекова сайланды.
Сессия отырысы тікелей эфирде өтті. Оған шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, депутаттар мен Шымкент әкімдігінің өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.
https://aitube.kz/video?id=01f8ff8f-0aea-49a0-982d-9f4f736a7f6e