23 желтоқсан күні алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпіс үшінші сессиясы өтті. Депутат Құрманбекова Гүлнәр Мамытқызының төрағалығымен өткен мәжілісте күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекітілді.
Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мулкеманов Рахымберді Жанысбекұлының баяндамасына сәйкес, даму бағдарламасы жаңа форматта әзірленген. Бағдарлама жобасы үш бағыттан тұрады. Олар; өңір экономикасының өсімі, өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өмір, өмір сапасын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар мәжілісте «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы шешіміне өзгерістер енгізіліп, нәтижесінде қала бюджеті 454 млрд 54 млн теңгені құрады.
Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы шешіміне өзгерістер енгізілді.
Сессия отырысы тікелей эфирде өтті.Оған шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, депутаттар мен Шымкент әкімдігінің өкілдері қатысты.Күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.
https://aitube.kz/video?id=66b00c5a-0832-4fdd-b8dd-cf444b756fc9