01.03.2019
Шымкент мәслихатының депутаттары балаларға сыйлықтар таратты
Халық қалаулылары көктем мерекесінде балаларды да назардан тыс қалдырмады. Мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев бастаған депутаттар мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, бақытты болашақ тілеп, сыйлықтар тарту етті. Сондай-ақ, шарада концерттік бағдарламалар қойылып, балаларға дастархан жайылды.