ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.
Жұмыс тобы құрамының саны 9 адамнан, оның ішінде 3 адам мемлекеттік органның және 6 адам азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2022 жылғы 1-5 ақпан аралығында Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына келесі құжаттарды (Шымкент қаласы, N.Nazarbayev даңғылы, №10, №206 бөлме, байланыс телефоны: 24-74-71, сағат 09:00-ден – 19:00-дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 15:00-ге)) қолма-қол береді немесе qogamdykkenes_shymkent@mail.ru электрондық мекенжайына жібереді.
1) Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге 1-қосымша |
||
Нысан | ||
Кімге __________________________ | ||
(республикалық деңгейде мемлекеттік органның атауы немесе жергілікті өкілді органның атауы) | ||
__________________________ тұратын | ||
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________ |
||
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі (бар болған жағдайда), жеке куәлік № ____, берілді (қашан, кім)) |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________