Шымкент қаласы мәслихат аппараты Жұмыс тобының мүшелерін азаматтық қоғамнан іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды 2022 жылдың 1-5 ақпан аралығында жариялады.
Осы аралықта Заң талаптарына сәйкес барлығы 10 азамат құжат тапсырды және 2 азамат байқаушы болуға ниет білдірді.
2022 жылдың 11 ақпан күні өткен Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу отырысына 8 кандидат қатысты.
Аталған 8 кандидат бір-біріне ашық дауыс беріп өз-өздірін сайлау рәсімін жүргізді.
Көп дауыс жинаған алғашқы 6 кандидат Шымкент қаласы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына сайланды.
Олар:
Әбілхаиров
Серғазы Кәрімұлы – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қоғамдық-саяси ахуал және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы;
Әділханов
Бексұлтан Ержанұлы – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысының орынбасары;
Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы
– Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі;
Жазыкбаева
Жаннета Қанайқызы
– «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының төрайымы;
Жандосова
Баян Айтбекқызы
– «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;
Қонысбеков
Ролан Төреханұлы
Қыдыров
Уәли Сағындықұлы –
– «Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
«Қазақстан» РТРК» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры;
Сарсеева
Айгүл Оразбекқызы
– Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
Хашимжанов
Икрам Акрамович – Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы.