11.01.2019
Шымкент қаласының басқару схемасына өзгерістер енгізілді
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы №31/252-6с шешіміне өзгерістер енгізілді. Қала әкімдігінде үш басқарманың атауын өзгерту туралы алдын ала тұрақты комиссияда талқыланып, шешім Шымкент қаласы мәслихатының алтыншы шақырылған кезектен тыс 44 сессиясында қабылданды.
Сонымен, Шымкент әкімдігінде бұрынғы Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Шымкент қаласының туризм басқармасы»
Сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» болып, Шымкент қаласының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» деп өзгертілді.
Жаңа атаулар шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Сессия отырысы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов, депутаттар және жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуымен өтті.Мәжіліске мәслихат депутаты Мұхтар Құралұлы Битеміров төрағалық етті.