2018 жылдың 15 мамыры күні облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев пен облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев бастаған бір топ облыстық мәслихат депутаттары және Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Н.Бекназаров және қалалық мәслихат депуататтарының қатысуыменен Бекет батыр көшесінде орналасқан қаламыздың ең алғашқы арбатының ашылу салтанаты өтті.
Қаланың келбетіне көрік қосатын, тұрғындардың демалатын орнына айналатын мұндай арбат қаламызда ең алғаш рет ашылып отыр. Қаланың жасыл желегіне рең қосқан арбат әдемі гүлдермен көмкеріліп, жарық шашатын шамдармен безендірілген және көгалдандырылған.
Қазіргі таңда мамандар арбаттың ерекше келбетін аша түсетін арканы құру жұмыстарын аяқтауда. Жуық арада Бекет батыр көшесінің бұл бөлігі нағыз шығармашылық адамдарының орталығына айналмақ. Келешекте бұл аумаққа Суретшілер үйін салу да жоспарлануда.
Сонымен қатар, облыс әкімі Ж.Түймебаев мұндай демалыс орны алдағы уақытта А.Асқаров пен Бейбітшілік көшесінің бойынан да орын алатынын атап өтті және Қошқар-Ата өзенінің бойын аралап, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс жобасымен таныстырды.